Basty bet
Тұншықтырғыш газбен улану жағдайында көрсетілетін алғашқы көмек
Жеңіл улану кезінде (егер бас айналу мен жүрек айнуымен шектелген болса) әдетте адамды таза ауаға шығару (немесе көтеріп шығару) жеткілікті болады. Бірақ оның жағдайы толығымен қалыпқа келгенге дейін байқаңыз. Егер қажет болса, уақытында көмекке келу үшін кез-келген өзгерістерге назар аударыңыз!
Ауыр улану мен орташа ауырлықтағы зақымдануда, әдетте ауруханаға жатқызу қажет және кез келген жағдайда медициналық көмексіз әрекет етуге тырыспаңыз. Жедел жәрдем қызметін тез арада шақырыңыз.
Өрт кезінде “101”-ге хабарласыңыздар. Құтқару қызметінің телефоны “112”.
Атап айтқанда: 2026 жылы 11-ші қаңтар күні 18 сағат 50 минутта Қарасаз ауылының Абай көшесіндегі тұрғын үйдегі моншаны жылытатын пеш мұржасының ақаулығынан улы газға уланып аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне түскендігі анықталды.
Құрметті аудан тұрғындары! Тұрғын үйлеріңізді жылытатын пешінің және құбырының тазалығы мен ақаулығы жоқтығын үнемі тексеріп отыруларыңызды сұраймыз. Осыған орай, өрт оқиғаларына және басқа да қайғылы жағдайларға жол бермеу мақсатында Сіздерден өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз. Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау шаралары ғана сіздің үйіңіз бен мүлкіңізді оттан қорғауға кепілдік бере алады.
Өрт немесе жану оқиғасы болған жағдайда тез арада «101» немесе «2-04-89» телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар!