Basty bet

Мұздың үстіндегі қауіпсіздік шаралары

Қыс уақытында балық аулауға, серуенге шыққан әрбір адам мұз бетіндегі төтенше жағдайларға ұшырауы мүмкін. Табиғат қыс кезінде адамға жайлы бола бермейді. Ол жеңілтектікті, жігерсіздікті, білімсіздікті кешірмейді.
«Мұзды алқаптағы» апатта кісі өлімі мен зақымдану, толық тоңу (үсу), суықтап ауыру, жарақаттану әсерінен болуы әбден ықтимал. Сондықтан «Мұз аумағындағы» апаттан адамның өзін-өзі аман сақтап қалу үшін келесіні білу қажет: экстремалдық жағдайларға әрқашан дайындық, өзін-өзі құтқару ережелерін білу, физикалық дайындық, іс жүзінде аман қалуға машықтану, өзін-өзі және басқаларды құтқару.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні “Теріс-Ащыбұлақ” су қоймасында балық аулаушыларға «мұз үстіндегі қауіпсіздік» ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Су қоймасы толықтай араланып, балық аулаушыларға «мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында төрт дана жадынама таратылды.
Аудандық ТЖ бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close