Basty bet
Мектебіме 102 жыл
Шежірелі ғасырдан сыр шерткендей,
Тарихың терең жатыр бір белестей.
Жүз екі жыл білімнің шамын жағып,
Мектебім тұр асқақтап бір елестей.
Шерхан атам атындағы алтын орда,
№1 гимназия – дара жолда.
Туған күнің құтты болсын, киелі орда,
Біліммен нұр септің сен талай жанға.
Мектебім – алтын ұям, жан азығым,
Өмірде жол көрсетер дара шыңым.
Ғасыр бойы жарқыраған мектебімнен
Шықты талай білімді дара ұғым.
Білім нәрін сусындатқан керегеңнен,
Алғаш әріп таныттың сен дегенмен.
Ұстаздар шәкірт үшін аянбай-ақ,
Білгенін аямады шын ниетпен.
Мектебім жол ашты ғой болашаққа,
Ғасырлардан жеткен мол мұрағатқа.
Ақыл менен білімді аямайтын,
Екінші анам болдың сен шын-ақ та.
Мектеп деген – естелік, балалық шақ,
Көз алдымнан кетпейді санамда сақ.
Сана-ойға керектінің бәрін беріп,
Даналыққа жетеледің дара жол сап.
Тек жақсылық аямайтын әрқашан да,
Мектебім жүрегімде мәңгі жанда.
Мектеп барда білімділер алға басып,
Білімді ұрпақ тұғырыңды биік ұстар.
Жаңа қадам жасатады әр алдағы,
Ұстаз деген ұғымым – ұлы мәні.
Біздің мектеп әрқашан асқақтайды,
Аты қалар тарихта, саналарда.
Арнұр Тұрғынбек,
Ш.Мұртаза атындағы
№ 1 мектеп-гимназияның
8 «В» сынып оқушысы.
Б.Момышұлы ауылы
