Basty bet

Көңілдерге ізгілік нұрын құйған кеш

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойына орай «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Несібелі» мейрамханасында «Наурыз челлендж» республикалық акциясы аясында «Армысың, әз-Наурыз!» атты мерекелік қайырымдылық ауқымды шара өтті. Оған аудан басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, Саяси кеңесі, Саяси кеңесі Бюросының мүшелері мен Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшелері, БПҰ жетекшілері, партияның аудандық кадрлық резервінің резервшілері, нұротандықтар мен кәсіпкерлер қатысты.

Мереке мәдениет үйінің әнші қыздарының орындауындағы «Наурыз» әнімен басталды.
Кеш жүргізушілері ізгілік пен мейірімділікті насихаттайтын ұлттық тәрбие мейрамына жиналған барша қонақтарды бір-бірімен құшақ жайып көрісуге шақырды. Залдағы барлық қонақтар бір-бірімен қуанышпен көрісу рәсімін жасады.
Аудандық Саяси кеңестің төрағасы Сейітхан Жұмашев көпшілікке ақ батасын берді.
Жиналған қонақтарға партияның аудандық филиалының атынан наурыз шашу таратылды.
Наурыз мерекесінің жылашар тілегін жеткізу құрметі аудан әкімі Нарбай Ергебековке берілді.
-Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай заманда да еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Наурыз – көктем мен жаңарудың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет пен қоғамды дамыту, еліміздің басты байлығы болып табылатын отбасылардың табысын арттыруға, ата салтымыз бен ұлттық құндылықтарымыздың төрге озуына байланысты бірқатар нақты тапсырмалар белгіледі,-дей келіп Нарбай Әбілқасымұлы барша нұротандықтарды халықпен етене жақын болуға, халық үшін аянбай еңбек етуге шақырды. Мерекелік жүрекжарды лебізін білдірді.
Аудан өнерпаздары халықтық партияның мерейтойына арналған арнауды орындады.
Сөз кезегі «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Ерғали Тілеубековке берілді. Ерғали Өтемісұлының игі тілегінен кейін партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Садыққызы екеуі аудандағы бірқатар кәсіпкерлердің демеушілігімен көмекке мұқтаж отбасыларға кәде-сыйлар тапсырды.
Жалпы шара барысында әр бастауыш ұйым өздері орналасқан елді мекендеріндегі 70 отбасына, аудандық партия филиалы тарапынан кәсіпкерлерді, партия активін тарта отырып 13 отбасына әлеуметтік азық-түлік, төрт отбасына қатты отын, яғни он тонна көмір түсіріп, бір азаматқа құлақ есту құралын, бес отбасының балаларына тегін «Білімді ұрпақ» білім орталығының сертификаттарын, екі отбасының балаларына планшеттер берілді. Жасалған қайырымдылық шараларының жалпы құны 1 млн 750 мың теңгені құрайды. Сонымен бірге өтінішпен қайырылған бір азаматтың жалдамалы пәтерақысының тоқсандық үш айы төленіп берілді.
Адам баласын жақсылық жасауға, ізгілікке баулыған тамаша кештің ақ тілектер ағыны жаны жомарт жандар Күлбақыт Айтқұлова, Әсима Шекеева, Гүлмира Әсемова, Қуаныш Мешелов, Нүрилә Мәлібековаға берілді.
Демеуші азаматтардың құрметіне ән мен жырдан шашу шашылды.
Тілек тізгінін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының инспекторы Ерғали Омаров алып, жүрекжарды лебізін жеткізді.
Наурыз мейрамы – ұлттық салт-дәстүрлеріміздің ұлықталатын жарқын мерекесі. Сондықтан мерекелік кешке арнайы жақсы ниетпен, жақсы тілекпен немересінің тұсауын аудан әкімі Нарбай Әбілқасымұлына кестіруге келген әжеге берілді.
Нарбай Әбілқасымұлы жас балаға ақ тілегін арнап, тұсауын кесті. Тәй-тәй басқан сәбидің қадамына шашу шашылды.
Әуезді ән мен жырдан кейін көңілдерге ізгілік нұрын құйған тамаша мерекелік кешке жиналған көпшілік мерекелік дастарқан басына жайғасты.

Перизат Шымыртайқызы.
Суреттерді түсірген
Сәбит КҮЗЕМБАЕВ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close