Basty bet
Сайлау заңдылықтары түсіндірілді
Дүниежүзілік сайлау күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтөбе ауылындағы №25 Ақтөбе тірек мектебінде 10-11 сынып оқушыларымен Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасу кезеңдері, заңнаманың даму динамикасы, негізгі реформалар және олардың жастарға көптеген мүмкіндіктерді беретіні бойынша «Тәуелсіздік жылдарындағы сайлау жүйесінің дамуы, заңнаманың өзгеруі» тақырыбында Жуалы аудандық сайлау комиссиясы мүшелерінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Кездесуге аталған мектепте орналасқан №213 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Әнуар Усерханов қатысты.
Басқосу барысында оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі сайлау жүйесінің дамуы мен қалыптасуы, заңнаманың өзгеруі кезеңдері 7 бөлімнен тұратыны, әр бөлім бойынша сайлау саласындағы реформалар мен сайлау заңнамасындағы демократиялық өзгерістер, ақпараттық жүйелерді енгізу, ашықтықты арттыру құралдарды пайдалану туралы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушылардың назарына дауыс беру процессінің кезеңдері, сайлау процессіне қатысушылар туралы толық түсінік болу үшін «Дауыс беру күні» атты қысқаметражды фильм ұсынылды.
Аудандық сайлау комиссиясының мүшелеріне қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел соңында оқушыларға дауыс беру процесіне қатысты сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Жауаптардың 90 пайызы дұрыс болды, ол оқушылар тарапынан танымдық материал жақсы игеріліп, түсініп алғандарының дәлелі болды.
Іс-шара жас сайлаушылардың осы реформалардың негізгі бенефициары есебінде құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және болашақтағы саяси процестерге қатысуға дайындықтарын күшейтуге бағытталды. Әрбір жас азамат сайлау тарихын, заңнаманың мазмұнын, өз құқықтарын терең білу қажеттігін түсінді.
Аудандық сайлау комиссиясы