Basty bet
Болашақ сайлаушылармен кездесу өтті
Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудан орталығындағы №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияда 10-11 сынып оқушыларымен сайлау процессіндегі ашықтық принципі туралы «Ашықтық – әділ сайлаудың негізі» тақырыбында аудандық сайлау комиссия мүшелерінің ұйымдастыруымен кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға ашықтық деген ұғымды 9 бөлім арқылы жеке-жеке түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушылардың назарына дауыс беру процессінің кезеңдері, сайлау процессіне қатысушылардың, оның ішінде байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің іс-әрекеттері туралы толық түсінік болу үшін «Дауыс беру күні» атты қысқа метражды фильм ұсынылды.
Аудандық сайлау комиссия мүшелеріне қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, тараптар арасында пікір алмасуұйымдастырылды.
Кездесу соңында оқушыларға дауыс беру процессіне қатысты сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Жауаптардың 80 пайызы дұрыс болып. оқушылар тарапынан танымдық материалдың жақсы игерілгендігі көрініп тұр.
Іс-шара жас сайлаушыларда сайлау – қоғамның саяси дамуының негізгі көрсеткіші және халықтың билікке қатысуының ең маңызды құралы. Сайлаудың әділ әрі демократиялық өтуі үшін ашықтық қағидасының маңызы орасан зор.
Ашықтық – тек ақпараттың қолжетімділігі емес, сонымен бірге сайлаушылардың сенімін арттыратын, сайлау процесінің әр кезеңінің жария түрде жүргізілуін қамтамасыз ететін басты демократиялық мансап екендігі туралы пікір қалыптастыруға бағытталды.. Болашақ сайлаушылар сайлау процесіндегі ашықтықты арттыру – жастардың саяси белсенділігі мен сенімін нығайтуға бағытталған қадам екендігін түсінді.
***
Ақсай ауылдық округіне қарасты Қайрат ауылындағы №2 Мыңбұлақ орта мектебінде Дүниежүзілік сайлау күніне орай жиналыс өтті. Іс-шараға ауылдық округтің әкімі Мақсат Мәтен және 10-11 сынып оқушылары қатысты. Онда сайлау құқығы, сайлауды өткізу қағидаттары, сайлау комиссияларының рөлі және сайлау процессіне қатысушылардың жауапкершілігі мәселелері бойынша «Заң үстемдігі – әділ сайлаудың негізі» тақырыбында аудандық сайлау комиссия мүшелерінің ұйымдастыруымен танымдық кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге аталған мектепте орналастырылған №198 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Нарбек Қожагелдин де қатысты
Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының негізгі нормалары, сайлау процесінің кезеңдері, сайлау комиссияларының қызметі, сондай-ақ азаматтардың сайлаудағы құқықтары туралы жан-жақты түсіндірілді. Оқушылардың назарына дауыс беру процессінің кезеңдері, сайлау процессіне қатысушылар туралы түсінік болу үшін «Дауыс беру күні» атты қысқаметражды фильм ұсынылды.
Аудандық сайлау комиссия мүшелеріне қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, тараптар арасында пікір алмасу ұйымдастырылды.
Кездесу соңында оқушыларға сайлау процессіне қатысты сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Жауаптардың басым көпшілігі дұрыс болып, ұсынылған танымдық материалын жақсы игерудің дәлелі болып табылды.
Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және сайлау процессіне белсенді қатысуға дайындықтарын күшейтуге бағытталды. Жас сайлаушылар алдағы уақытта өз құқықтарын біліп, азаматтық белсенділік таныту қажеттігін түсінді.
Аудандық сайлау комиссиясы