Ádebıet

Ержүректік – ерге тән

Бауыржан Момышұлының рухына арнау

Батыр деген, жарқ-жұқ еткен бір алмас,
Батыр жоқ, елдің басы құралмас.
Батырларын қастерлеген халықты,
Басқалар да сыйлай алмай тұралмас.

Уа Бауыржан!
Білем сен де заманында дауылдаттың, желдеттің,
Қаһарынан қаймықпадың ажал атты жендеттің
Жанталастың сенде өзіңше жауыздықты жоюға
Бәлкім содан, даңқың бүгін арасында жер-көктің!

Тәкаппар жан, қайсар мінез, дархан көңіл өр мүсін
Алып тұлғаң танытқандай батырлдықтың белгісін
Ұлылықпен, ұлы үмітпен аты айналған аңызға
Есіміңді ешбір пенде өшіре алмас енді шын.

Қорғаған Қазақ санасын,
Батыры мен данасын,
Ұмытас мәңгі алашың.
Аралап Заман арасын,

Елің менен ертеңге,
Алты алаштың арасы,
Бауыржан батыр!
Сенде бірге барасың

Аманжол Дүрәліұлы,
Жуалы ауданының
«Құрметті азаматы»

Таңдаулы материалдар

Close