Basty bet

Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі

Тұрғын үйлердегі және жем-шөп орындарында өрт оқиғалары  көбінесе сол үйлерде тұрып жатқан тұрғындардың  кінәсінен болып жатады. Сұрапыл апатты кұбылыс жылдар бойы жиылған мүліктерді аяусыз жойып, адамдарға қайғы-қасірет әкеледі. Көбінесе оттың құрбаны болып өртке себепші өздері, олардың көршілері, балалары болып жатады.

Статистика бойынша тұрғын үй  мен жем-шөп орындарындағы өрттің шығуына  негізгі себептер: тұрмыстық электр және  газ аспаптарын  пайдалану кезінде, пештердің дұрыс орнатылмауы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, мас күйінде темекі тарту салдарынан, сонымен қатар электр өткізгіштерін дұрыс жүргізбегендіктен  болып отыр. Егер Сіздің үйіңізде немесе  жем-шөп сақтайтын орындарында электр өткізгіш сымдарына  және электр аспаптарына зақым келсе тез арада электр маманын шақырыңыз.

Жоғарыда аталғандай өрт оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында кезекті «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі» ағымдағы жылдың 11-12 наурыз күндері аудандық «Жуалы газ» мекемесінің өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылып тұрғындарға профилактикалық үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тұрғындардан және шаруа қожалығымен айналысатын жеке кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі қағидаларына көңіл бөліп, үгіт-насихат жұмыстарына түсінікпен қарауға, сондай-ақ өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін өрт қауіпсіздігін сақтауға міндетті  екендігіңізді ескертеміз.

Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау-Сіздің үйіңіз бен мүлкіңізді оттан қорғайды!

 

 

Жуалы аудандық ТЖБ

Таңдаулы материалдар

Close