Basty bet

Жуалы ауданында референдум учаскелері өз жұмысын бастады

Бүгін Жуалы ауданында республикалық референдумға арналған дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады. Таңғы сағат 07:00-де учаскелер Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.

Аудан бойынша барлық дауыс беру учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, өз жұмысын бастады. Учаскелерде комиссия мүшелері мен бақылаушылар қатысып, дауыс беру процесінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуі қамтамасыз етілуде.

Тұрғындар маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасау үшін дауыс беруге келуде. Дауыс беру учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. 🇰🇿🗳️

Таңдаулы материалдар

Close