Basty bet
Судағы қауіпсіздік
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді: балаларды суға жібермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар.
Өзіңізді және жақындарыңызға сақ болыңыздар.
Судағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері:
🔹шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
🔹тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
🔹қалқымалардан аса жүзуге болмайды;
🔹мас күйінде суға түспеңіз;
🔹су көліктеріне жақын жүзбеңіз.
Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз!
Жуалы ауданы ТЖБ