Basty bet
2026 жылдың 17 мамырында өткен Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көкбастау және Қошқарата ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2026 жылғы 17 мамырында Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көкбастау және Қошқарата ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Көкбастау ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 1696 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1189 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 6 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Көкбастау ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Сейтаев Малик Берикович үшін сайлаушылардың 903 дауысы берілді,
Шокенов Максат Ералиевич үшін сайлаушылардың 142 дауысы берілді.
Шырынбай Сержан Серікжанұлы үшін сайлаушылардың 115 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 12.
Сайлау қорытындыларымен: Көкбастау ауылдық округінің әкімі болып Сейтаев Малик Берикович сайланды. 1991 жылы туған, Көкбастау ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бақалы ауылының тұрғыны.
Қошқарата ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 667 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 462 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 8 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Қошқарата ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Каипов Галымжан Алибекович үшін сайлаушылардың 32 дауысы берілді,
Назарбеков Руслан Жүрсінбекұлы үшін сайлаушылардың 359 дауысы берілді.
Сәкенұлы Еламан үшін сайлаушылардың 48 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 12.
Сайлау қорытындыларымен: Қошқарата ауылдық округінің әкімі болып Назарбеков Руслан Жүрсінбекұлы сайланды. 1992 жылы туған, Қошқарата ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қошқарата ауылының тұрғыны.
Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы