Basty bet

Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодекс – азамат құқығының кепілі

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) – азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын реттейтін маңызды құқықтық акт. Бұл кодекс 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді және әкімшілік әділет жүйесін жаңа деңгейге көтерді.
Кодекстің негізгі мақсаты – азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік органдардың шешімдерін ашық әрі әділ ету, әкімшілік рәсімдерді біріздендіру, дауларды сот арқылы тиімді шешу болып табылады.
Негізгі мақсаттары келесі маңызды қағидаттарға негізделеді. Заңдылық қағидаты – барлық шешімдер заңға сәйкес қабылдануы тиіс, әділдік пен теңдік – барлық тараптарға тең мүмкіндік беріледі, сенім қағидаты – азаматтар мемлекеттік органдарға сенуге құқылы, пропорционалдылық – қабылданған шешімдер шамадан тыс болмауы керек, тыңдалу құқығы – әрбір адам өз пікірін білдіруге құқылы.
Әкімшілік рәсімдер дегеніміз – мемлекеттік органның жеке немесе заңды тұлғаға қатысты шешім қабылдау процесі. Мысалы, жер беру туралы шешім, лицензия алу, айыппұл салу, әлеуметтік көмек тағайындау, әкімшілік әділеттің ерекшелігі.
ӘРПК енгізген маңызды жаңалықтардың бірі – әкімшілік сот өндірісі. Мұнда азамат пен мемлекеттік орган тең емес тараптар ретінде қарастырылады, сот азаматтың мүддесін қорғауға басымдық береді, дәлелдеу міндеті көбіне мемлекеттік органға жүктеледі, азаматтардың құқықтары ӘРПК бойынша азаматтар мемлекеттік органнан негізделген жауап алуға, шешімге шағымдануға, сотқа жүгінуге, өз пікірін білдіруге және дәлелдер ұсынуға құқылы.
Маңызыдылығы: ол, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады, мемлекеттік басқарудың сапасын арттырады, азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтеді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі – құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы маңызды қадам. Ол азамат пен мемлекет арасындағы қатынасты әділ, ашық және тиімді етуге бағытталғанын халық білгені жөн!

Мейіржан Исақов,
Жуалы ауданы сот әкімшісінің
бас маманы-сот жасауылы

Таңдаулы материалдар

Close