Basty bet
Тағылымы мол кездесу
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының орынбасары-тәрбиелік, идеологиялық және қадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы Данияр Рамазанұлының ұйымдастыруымен кітапханада ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, қазақ эстрадасында халық жүрегінен ерекше орын алған сырлы әндердің авторы Анар Шамшадинованың шығармашылығына арналған «Ақын әлемі» тақырыбында шығармашылық кездесу өтті.
Кеш барысында өнерсүйер қауым мен оқырмандар ақынға өздерінің жылы лебізі мен ақ тілегін арнап, шығармашылығына құрмет білдірді. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері ақынның сыршыл өлеңдерін мәнерлеп оқып, көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады.
Тағылымы мол кездесу поэзия мен өнерді қадірлейтін оқырмандар үшін әсерлі де мазмұнды кешке айналды.
Камила Әбсеметова,
кітапханашы