Basty bet

«Жылдың үздік кітапханашысы» атанды

Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлері арасында кәсіби шеберлікті арттыруға, шығармашылық бастамаларды қолдауға және кітапхана саласының үздік мамандарын анықтауға бағытталған «Жылдың үздік кітапханашысы» тақырыбында «Жыл маманы – 2026» облыстық байқауын ұйымдастырды.
Байқауға облыстың әр ауданынан келген 35 жасқа дейінгі кітапхана қызметкерлері қатысып, кәсіби шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін үш кезең бойынша көрсетті. Қатысушылар «Заманауи кітапханашы» үздік кәсіби таныстырылым, «Цифрлы кітапхана» виртуалды кітап көрмесі және «Шығармашылық шабыт» үздік мәдени-ағартушылық жоба номинациясы бойынша бақ сынады.
Байқау қорытындысында Бас жүлдені Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Гүлдана Шапенова иеленді.
Әріптесіміздің жарқын жеңісі – қажырлы еңбектің, кәсіби ізденістің және кітапхана ісіне деген адалдықтың айқын көрінісі екені анық. Байқау жеңімпазын айтулы табысымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!

Жуалы аудандық орталықтандырылған
кітапханалар жүйесі

Таңдаулы материалдар

Close