Basty bet
Есірткі құралдары және оның клиникалық көрінісі
Наркомания – жүйелі түрде есірткі құралдарын пайдаланғаннан және оған деген патологиялық әуестікпен сипатталатын дертті жағдай. Ол толеранттылықтың өзгеруімен, абстинентті яғни психикалық тәуелділік синдромның пайда болуымен, ауыр соматикалық (ішкі ағзаның зақымдануымен) және психикалық бұзылыстармен, сонымен қатар теріс қоғамдық нәтижелермен сипатталады. Есірткіге үйренудің биологиялық жолы анықталмаған. Наркоманияның дамуында үлкен рөлді жайсыз қоғамдық факторлар алады, қате тәрбие, қоршаған ортаның теріс үлгісі, отбасындағы сәтсіздік, тұлғаның конституциялық ерекшеліктері, психологиялық факторлар, танымпаздық, ләззатқа деген ұмтылыс, өмірлік қиын жағдайлардан қашу. Наркотикалық заттарды тағайындауды талап ететін созылмалы соматикалық аурудың болуы. Қабылдайтын есірткіге байланысты наркоманияның келесі түрлерін ажыратуға болады: опиямания, гашишемания, кокаиномания, барбитуромания, галлюциногендерді пайдаланумен шақырылған наркомания, полинаркомания.
Есірткіге әуестенген адамның клиникалық көрінісі: Әр наркоманияның дамуында үш сатысы болады. Бірінші сатысында есірткіге деген тәуелділік, оның шамадан тыс мөлшеріне қорғаныс реакцияларының жоғалуы толеренттылықтың ұлғаюы, физиологиялық әсері сақталған жағдайда үнемі қолдану. Екінші сатыда есірткіге күшті әуестікпен тәуелділік синдромының қалыптасуымен максималды толеренттық есірткіге тән әсердің өзгеруі, есірткімен ынталану феноменінің пайда болуы, тұлғаның өзгеруімен жүреді. Үшінші сатысында толеранттық төмендейді, есірткінің әсері тонизир, қалыпқа келтіруші әсер береді. Осыған байланысты есірткісіз өмір сүру мүмкін емес. Тәуелділік синдром ауырлайды, созылмалы түрге ауысады. Опиямания – опиийға, шегу, ішке қолдану және оның алкалоидтарына тәуелділік туындауымен сипатталатын наркомания. Опийді бір рет қабылдағанда эйфория жайлы тыныштық сезімі, жағымды елестетулер мен қияли фантазиялар дамиды. Опияманияға есірткіге төзімділіктің жоғарылауы, оны кенет тоқтатқанда абстинентті синдромның (есінеу, жөтел, көздің жасаурауы, тахикардия, тахипноэ, тремор, қызба, қарашықтардың кеңеюі, денедегі жағымсыз сезімдер, аяқ қолдардағы бұлшық еттердің қақсауы, диспепсиялық бұзылыстар) дамуы тән. Ішкі ағзалардың қызметі бұзылады. Гашишемания гашиш марихуана, план, анаша, банг, харас сусындар дайындау. Бір рет қолданғанда айналадағыны ерекше қабылдаумен болатын эйфория, ойлаудың жылдамдауы, жыныстық әуестіктің жоғарылауы дамиды. Психикалық бұзылыстар, гашиштік иллюзиялар, тән, арықтар үлкен өзендер, болмашы дыбыс сарқыраманың шуылы, қатты айқайлар – талдардың сілкінуі немесе әуендер секілді қабылданады. Депресонализация өз денесін бөтен көруі байқалады. Гашишті мөлшерден тыс қолданғанда психоздар дамиды, тұтқанақтар, эпилепсиялық ұстамалар орын алады. Кокаиномания дегеніміз не? Кокаин – бұл кока жапырағынан алынатын алколоид. Оңтүстік Америкада өсетін бұталы өсімдік. Бір рет қабылдағаннан кейін ойлау, сөйлеу, қимыл белсенділігінің жылдамдауымен эйфория дамиды. Эйфория әлсіреуінен кейін әлсіздік тітіркенгіштік, бұлшық ет гипотониясы, діріл пайда болады. Созылмалы интоксикация кезінде психоздар байқалады, қызғаныш, сандырақтар, қорқыныштар көру, галлюцинация. Абстинентті синдром аса байқалмайды. Байбитуромания дегеніміз – көбінесе маскүнемдерде, морфин қолданған кезде пайда болады. Бұл наркомания түрінің дамуына эйфориялаушы әсері бар, яғни, көңіл күйді көтеретін әсері бар, барбитураттар жатады. Мұнда абстиненция ауыр өтеді, айқын астениямен, ұйқысыздықпен, үреймен бұлшық еттердің тартылуымен, диспепсиялық көріністермен, асқазан ішек жолдары ауруымен байқалады. Есте сақтаудың бұзылуымен, зейіннің нашарлауымен, неврологиялық бұзылыстармен, дизартрия, атаксия, тремор және басқа да ауытқулар байқалады. Токсикомания – наркотикалық заттар (кейбір дәрілер, азық -түлік, өнеркәсіптік улар) тізіміне кіргізілмеген табиғи немесе синтетикалық токсикалық заттар қолданумен шақырылатын уақытша немесе созылмалы интоксикация. Интоксикация бұл адам ағзасының улануы. Жалпы емдеу үш кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде медициналық түзеу сатысы, дезинтокзсикация, есірткі затын алу арқылы жалпы күшейту және ынталандыру терапиясы тағайындалады; Екінші кезеңде психотерапиялық оңалту сатысы белсенді есірткіге қарсы емдеу; Үшінші кезеңде рецидивке яғни аурудың қайталамауына қарсы терапия және әлеуметтік оңалту жүргізіледі.