Basty bet

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет, кәсіподақ – қызметкерлердің сенімді тірегі

Жыл сайын 23 маусымда елімізде Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтеді. Бұл – елдің дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру жолында адал еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметкерлерге көрсетілген құрметтің айқын көрінісі.
Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен жоғары кәсібилікті талап ететін мәртебелі міндет. Мемлекет саясатын жүзеге асырып, азаматтарға сапалы қызмет көрсетуді басты парызы санайтын мемлекеттік қызметшілердің еңбегі қоғамның тұрақты дамуы мен елдің өркендеуінде маңызды орын алады.
Осы игі істе кәсіподақ ұйымының да алар орны ерекше. Кәсіподақ қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғап, еңбек ұжымындағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға, қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді. Ұйым мүшелері кәсіби міндеттерін жауапкершілікпен атқарып қана қоймай, қоғамдық, мәдени және әлеуметтік іс-шараларға белсене қатысып, ұйымның қоғамдық өміріне серпін беруде.
Кәсіподақ ұйымының нәтижелі қызметінде төраға орынбасары Клавдия Михайловнаның еңбегі айрықша. Ол көп жылдан бері кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, еңбек ұжымындағы өзара түсіністік пен тұрақтылықты сақтау бағытында жемісті еңбек етіп келеді. Өзінің жауапкершілігі, ұйымдастырушылық қабілеті мен кәсіби біліктілігінің арқасында көптеген маңызды бастамалардың жүзеге асуына ұйытқы болып, әріптестерінің құрметіне ие болды. Оның белсенді қоғамдық қызметі кәсіподақ ұйымының беделін арттырып, жұмысының тиімділігін нығайтуға елеулі үлес қосуда.
Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында барлық мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіподақ мүшелерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Ел игілігі жолындағы адал еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және толайым жетістіктер тілейміз.
Еңбектеріңіз әрдайым ел игілігіне қызмет етіп, абырой-беделдеріңіз арта берсін!

Серік Қойбақов,
мәслихат аппаратының басшысы

Таңдаулы материалдар

Close