Basty bet
Бүгін Тараз қаласындағы «Қазақ хандығы» монументі аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтті.
📌 Шараны Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» бірлесіп өткізді.
📌 Акцияға 50-ге жуық белсенді жастар мен еріктілер қатысып, монумент аумағын қоқыстан тазартты. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтіріп, жасыл желекке күтім жасау жұмыстарына атсалысты.
📌 Жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға шығарылып, тарихи нысан айналасының санитарлық тазалығы қамтамасыз етілді.