Basty bet
Жуалы ауданының тұрғындары мен қонақтарының назарына!
Құрметті аудан тұрғындары!
Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында 2026 жылдың 1 маусымы мен 30 қыркүйегі аралығында Жамбыл облысында «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның аясында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың, киберқылмыстардың және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Полиция азаматтарды интернет кеңістігінде қырағылық танытуға, жеке деректерін, банк карталарының реквизиттерін, SMS-кодтары мен өзге де құпия ақпараттарын бөгде адамдарға бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және тексерілмеген ақпарат көздеріне сенбеуге шақырады!
Егер, Сіз интернет-алаяқтықтың құрбаны болсаңыз немесе күмәнді жағдайларға тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз!
Қауіпсіздік – Өзіңізден басталады!
Құрметпен, «Боранды» теміржол стансасының Көліктегі полиция бөлімшесі
