Бүгін Каспий теңізі күні атап өтілуде. Осыдан 20 жыл бұрын дәл осы күні Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция, яғни Тегеран конвенциясы күшіне енді.

Каспий теңізі күні қарсаңында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде «Caspian Sea Action Week 2026» халықаралық волонтерлік апталығы өткізілуде.

Апталық іс-шараларына Каспий маңы мемлекеттері – Әзербайжан, Ресей Федерациясы, Иран және Түрікменстанның делегациялары, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдері, волонтерлер, экологиялық белсенділер, сарапшылар мен жастар қатысты.
6 тамызда Халықаралық волонтерлік апталықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті.