Basty bet

Ербол Қарашөкеев «Мерейлі отбасы» байқауының өңірлік жеңімпаздарын марапаттады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының өңірлік кезеңінде жеңімпаз атанған отбасыларды марапаттады.

Салтанатты жиында өңір басшысы отбасы құндылықтарының қоғамдағы маңызына тоқталып, байқаудың берекелі шаңырақтарды дәріптеп, өнегелі отбасылардың тәжірибесін кеңінен насихаттауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

– Мемлекет басшысы отбасы институтын нығайтуға, ана мен баланы қолдауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және өскелең ұрпаққа сапалы тәрбие беруге айрықша мән беріп келеді. Өйткені мықты мемлекет мықты отбасылардан құралады. Әке – отбасының тірегі, ана – шаңырақтың берекесі, ал бала – отбасының болашағы. Осы құндылықтар үйлесім тапқан жерде береке мен бірлік, сыйластық пен сенім орнығады, – деді Ербол Қарашөкеев.

Облыс әкімі бала тәрбиесі бір отбасының ғана емес, тұтас қоғамның ортақ міндеті екеніне назар аударды. Оның айтуынша, «Заң мен Тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» қағидаттарын ұстану, қоғамға деген құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру ең алдымен отбасындағы тәрбиеден басталады.

Таңдаулы материалдар

Close