Basty bet

Егін алқаптарындағы өрт қауіпсіздігін сақтау

Құрметті Жуалы ауданының тұрғындары биылғы жылы жауын-шашынның мол болуына байланысты егін алқаптарында дәнді-дақылдардың жақсы шықандығы халыққа мәлім. Осы мол өнім отқа оранып, күлге айналмасын десеңіздер мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтағандарыңыз жөн екендігін диханшылардың назарына жеткіземіз.

Құрметті диханшылар! Егін алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі талаптары астықты, техниканы және адамдардың өмірін қорғау үшін өте маңызды. Негізгі талаптар мыналар:

Егін жинауға дейін

– Егістік маңындағы құрғақ шөптер мен жанғыш қалдықтарды тазалау.

– Танаптарды өрттің таралуын шектеу үшін жыртылған қорғаныш жолақтармен бөлу.

– Астық қоймаларының, қырмандардың және техника тұрақтарының айналасын құрғақ өсімдіктерден тазарту.

– Өрт сөндіру құралдарын (сөндіргіштер, су құйылған бөшкелер, құм, күректер) дайындау. Техникаға қойылатын талаптар

– Комбайндар, тракторлар және басқа ауыл шаруашылығы техникалары жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы тиіс.

– Техникада кемінде бірнеше өрт сөндіргіш болуы қажет. (комбайндарда 2 дана ОП-10 өрт өндіргіш, тракторларда 1 дана ОП-10 өрт өндіргіш болуы қажет)

– Жанармай жүйесінің ақаусыздығы тұрақты тексеріледі.

– Қозғалтқыш пен қызатын бөлшектерге сабан мен шаңның жиналуына жол берілмейді. Егін жинау кезінде

– Темекі шегуге тек арнайы белгіленген жерлерде рұқсат етіледі.

– Ашық от жағуға, қоқыс пен өсімдік қалдықтарын өртеуге тыйым салынады.

– Дәнді дақылдар пісіп тұрған кезеңде дәнекерлеу және от қолданылатын жұмыстар ерекше сақтықпен жүргізіледі немесе шектеледі.

– Ыстық әрі желді күндері алқаптарға ерекше бақылау ұйымдастырылады және өртті сөндіруге арнайы суы бар техниканы кезекшілікке қою қажет.

– 1 трактор соқасымен кезекшілікке қою қажет

Жанармай құю

– Техниканы жанармаймен қамтамасыз ету арнайы бөлінген алаңдарда жүргізіледі.

– Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде жанармай құюға жол берілмейді.

– Жанармай төгілген жағдайда ол дереу тазартылып, залалсыздандырылуы керек.

Өрт шыққан жағдайда

– Бірден 101 немесе 112 нөміріне хабарлау.

– Адамдарды қауіпсіз жерге шығару.

– Өрттің бастапқы сатысында қолда бар құралдармен сөндіруге әрекет жасау.

– Өрттің таралуын тоқтату үшін алқаптың шетін жырту немесе минералданған жолақ жасау қажет.

– Өрт кезінде егін жинау техникаларын қауіпсіз жерге орналастыру қажет.

 

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close