Basty bet
Бақытты балалық шақ – қауіпсіз қоғамның негізі
Жуалы аудандық полиция бөлімінің Ювеналдық полиция тобының қызметкерлері «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» қағидаты аясында Жуалы ауданындағы «Тау самалы» лагерінде демалып жатқан балалар арасында «Бақытты балалық шақ» атты эстафеталық ойын ұйымдастырды.
Тағылымды шараға жергілікті атқарушы органдардың, білім беру, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар салаларының және басқа да тиісті мекемелердің өкілдері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, саламатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақ арасында достық пен ұйымшылдықты нығайту. Сонымен қатар, балалардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастырып, бос уақытын тиімді әрі көңілді өткізуіне жағдай жасау көзделді.
Эстафеталық сайыста балалар түрлі спорттық кезеңдерге белсене қатысып, шапшаңдықтары мен ептіліктерін, ұйымшылдықтары мен спортқа деген қызығушылықтарын танытты. Әр кезеңде балалар бір-біріне қолдау көрсетіп, командалық ойынның маңызын сезінді.
Мұндай шаралар балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың бойында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, саламатты өмір салтына бейімдеуге және үлкендер мен жасөспірімдер арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.
Бақытты балалық шақ – қауіпсіз қоғамның берік негізі. Ал, қауіпсіз орта қалыптастыру – баршаға ортақ міндет!
Меруерт Тәжібаева,
Жуалы АПБ-ның ЮПТ-ның аға УПИ.
Полиция майоры