Basty bet

Сеніп тапсырған малды талан-таражға салған

Жуалы аудандық сотымен ҚК-ің 189-б. 1-б., (Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) бойынша Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылдың шілде айында сотталушы Б. шаруашылықтардың бірінде шопан болып жұмыс істей тұрып, қаржылық қиындықтарға байланысты отардағы екі қойды жасырын сатуды ойластырған. Танысынан қойларды сату үшін өз көлігімен Аса ауылына жеткізуін сұраған, ал соңғысы оның шынайы ниетінен хабарсыз болған.
Содан кейін жолда полиция патрулі тоқтатқан, жүк салғышты тексеру барысында екі қой табылды, шаруа қойларын таныды, нәтижесінде сотталушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Аталған қылмыс «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» санатына жатады, оның санкциясында мүлкін тәркілеумен үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Тараптардың позициясы:
Прокурор қылмыстың жиынтығы бойынша сотталушыға 1 жыл 1 ай бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы кінәсін толық мойындап жасаған ісіне өкінген.
Кінәлары іс бойынша жиналған дәлелдер мен жәбірленушінің айғақтарымен дәлелденді.
Сот шешімі:
Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайын анықтамады, жазаны жеңілдететін мән-жайды сот сотталушының кінәні толық мойындап өкінгендігін ескерді.
Сот үкімімен, сотталушы Б.-қа 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close