Basty bet
Нөмірді матамен жауып,басқа нөмірге ауыстырып көлік тізгіндеген
Жуалы аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 590 б. 4-б., (Көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірдегі көлік құралын басқару) бойынша Ә. мен А.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық іс қаралды.
Стратегиялық автожолда автокөліктердің мемлекеттік нөмірлік белгілерін ауыстыру және оларды жасыру арқылы құқықбұзушылықтар жасалуда.
Бірінші іс материалына сәйкес, азамат А. көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін мақтамен жауып, өзінің түсініктемесінде бұл әрекетке айыппұл салынбау мақсатында барғанын көрсеткен.
Екінші құқықбұзушы – азамат Ә. өзінің түсініктемесіне сәйкес, автокөліктің мемлекеттік нөмірлік белгісін ауыстырған. Оның айтуынша, ол автокөлікті алып-сатумен айналысады. Жаңа автокөлікті сатып алған кезде сатушы оның мемлекеттік нөмірлік белгісін өзімен бірге алып кеткен. Ал азамат Ә. сатып алушы ретінде Шымкент қаласына дейін жету үшін өзінің сақтауда тұрған мемлекеттік нөмірлік белгісін уақытша орнатқан.
Нәтижесінде, жол көлік полиция қызметкерлерімен аталған құқықбұзушыларға қатысты хаттама толтырылған.
Жоғарыда аталып өткен құқықбұзушылық үшін 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сот қаулысымен екі құқықбұзушылар кінәлі деп танылып, екуіне де ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөл. бойынша әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. А. бір тәулікке Ә. екі тәулікке, екуіде 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.