Basty bet
Жоспарланған жұмыстар нәтижесін беруде
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның дамуы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауының «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика» бөлімінде «Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен, ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондай-ақ, жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді» делінген.
Жуалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы Жолдау жүктеген маңызды міндеттерді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының «Халықты нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында жоспарлы іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуде.
Атап айтқанда, 2019 жылға арналған аудандық халықты жұмыспен қамту Кешенді жоспары бойынша Бағдарламаға жалпы 2754 азаматтарды қатыстыру жоспарланды. Есепті мерзімде жалпы 3759 адам Бағдарламаға қатысушы ретінде тартылып, жылдық жоспардың орындалуы – 136,5 %.
Оның ішінде 2638 азамат жұмыспен қамтылды (жылдық жұмыспен қамту жоспары – 2222 адам, орындалуы – 118,7%), тұрақты жұмысқа – 1672 адам, уақытша жұмысқа – 966 адам орналасты. Жұмысқа орналасқан 2638 адамның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандардың (1672 адам) үлесі 63,3 % құрады.
Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі 100,0% құрады (жылдық жоспар – 79,9 %, орындалуы – +20,1%). Құрылған жаңа жұмыс орындарының саны – 1402 (жылдық жоспар 1190, орындалуы – 117,8%), оның ішінде жаңа тұрақты жұмыс орындарының саны 782 (жылдық жоспар- 350, орындалуы – 223,4 %).
Жұмыспен қамту органдарына қайырылған жұмысқа жарамды 68 мүгедек жұмысқа орналастырылды ( жылдық жоспар- 49 адам, орындалуы – 138,7 %).
Жұмысқа орналасқандардың ішінен зейнетақы жарналары аударылғандардың үлесі 88,6 пайызды құрады (жылдық жоспар – 85,5 %; орындалуы +3,1%).
Бағдарламаның 1-бағыты (Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету) шеңберінде 2019 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына жалпы 200 азаматтарды жолдау жоспарланды.
Есепті мерзімде №16 «Жуалы» колледжіне және облыстағы колледждерге жалпы 205 азамат оқуға жолданды (аспаз – 22, тігінші – 20, тракторшы – 20 адам, электрик – 16 адам, электргазбен дәнекерлеуші- 19 адам, шаштараз ұстасы – 22 адам, маникюр ұстасы – 20 адам, «В» санаты бойынша автокөлік жүргізушісі – 20 адам, бағдарламашы – 20 адам, қазандық операторы – 10 адам, кондитер – 15); 15 адам оқудан бас тартты, нақты оқуға қатысқан азаматтар саны – 190 адамды құрады.
Оқуларын аяқтаған 190 азаматтың – 123 жұмыспен қамтылған, яғни 64,7% (жылдық жоспар – 60,0 %, орындалуы + 4,7 %). Облыстық бюджеттен 31804,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді.
Осы бағыт аясында аудан әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен құрылған мобильдік топтармен ауылдарда бағдарламаға кәсіптік даярлауға қатысатын үміткерлер тізімдерінің жинақталуы, тіркелуі жұмыстары жүргізіліп, 15 жас азаматтар техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау оқуына облыстағы колледждерге жолданды.
Бағдарламаның 2 бағыты (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) аясында кәсіпкерлік істерін ашуға немесе кеңейтуге ниет білдірген 264 үміткерлер тізімге тіркеліп, оларға микрокредиттік ұйымдарға бағыттамалар берілді.
Ағымдағы жылы кәсіпкерлікті дамытуға 213 қатысушыға 785 млн теңге берілуі қарастырылған.
Есепті мерзімде 178 адамға жалпы 581 млн. 600 мың теңге шағын несие берілуі ұйымдастырылды, оның ішінде 49 жас азаматтарға 156 млн. 700 мың теңге берілді.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бойынша жалпы 148 азаматқа 72 млн. 973 мың теңге қайтарымсыз гранттар берілуін ұйымдастыру қарастырылған.
2019 жылдың 12 айында барлығы 285 қатысушыға жалпы сомасы 138 млн. 623 мың теңге қайтарымсыз гранттар берілді: 209 жас азаматқа (105 млн. 545 мың теңге), 55 аз қамтылған көпбалалы отбасыларға (27 млн. 775 мың теңге), нысаналы топқа жатпайтын 21 адамға (100 АЕК – 5 млн. 303 мың теңге).
Кәсіпкерлік ісін жаңадан ашуға ниет білдірген үміткерлерді «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы арқылы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 2019 жылы кәсіпкерлік негіздеріне 135 адамды оқыту жоспарланып, жалпы оқуға жолданған 338 адамдардың ішінде 315 білімгер оқуларын аяқтап, тиісті сертификаттарын алды. Бұл бағытта оқу толығымен аяқталды.
Сонымен қатар, «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 100 жас азаматтар кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.
Бағдарламаның 3 бағыты (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) аясында уақытша жұмыстарға жалпы 966 адам жолдама алды.
Қоғамдық жұмыстарға 338 жұмыссыз адамды орналастыру жоспарланды. Есепті мерзімде 411 азамат жұмысқа жолданды (жылдық жоспардың орындалуы – 121,5% құрады); жергілікті бюджеттен 70560,0 мың теңге бөлініп, 70560,0 мың теңгесі игеріліп, 12 айлық игеру жоспары толығымен орындалды; облыстық бюджеттен 57789,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді.
«Жастар тәжірибесіне» 210 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып, 329 жас мамандар жұмысқа жолданды (орындалуы- 156,6%).
«Жастар тәжірибесін» ұйымдастыруға республикалық бюджеттен бөлінген 68175,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен бөлінген 5766,0 мың теңге толығымен игерілді.
Бекітілген жылдық индикаторлық межеге сәйкес 610 жас азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылуы жоспарланып, 745 адам қамтылды, яғни 122,1% орындалды.
«Жастар тәжірибесінде» уақытша жұмыс мерзімдері аяқталған 329 жас мамандардың ішінде 252 тұрақты жұмыспен қамтылды, яғни 76,5% (жылдық жоспар толық орындалды).
Әлеуметтік жұмыс орындарына 120 адамды орналастыру жоспарланып, 226 азамат жұмысқа жолдама алды (орындалуы – 168,3%). Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 21 126,0 мың теңге және облыстық бюджеттен – 7000,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарында уақытша жұмыс мерзімдері аяқталған 226 жұмыскердің 183-і тұрақты жұмыспен қамтылды, яғни 80,9% (жылдық жоспар-80,0 %, +0,9 %).
Бағдарламаға қатысушыларды жұмыс күші артық облыстардан жұмыс күші тапшы облыстарға ерікті түрде көшіру, қоныстандыру және келу өңірлерінде жұмыспен қамту бойынша тиісті ұйымдастырушылық іс-шаралар қабылдануда.
Есепті мерзімде жалпы 12 отбасы (құрамында 30 адамы бар) ерікті түрде қоныс аударды (жылдық жоспар 8 отбасы, толық орындалды), оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысына бес отбасы ( 14 адам), Павлодар облысына төрт отбасы ( 9 адам), Шығыс Қазақстан облысына үш отбасы ( 7 адам), оларға келу өңірлерінде тиісті мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіліп, баспанамен және жұмыспен қамтылды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бағытында төмендегі іс-шаралар атқарылды: аз қамтылған отбасылардан барлығы 22946 адамы бар 4342 отбасынан өтініштер қабылданып, барлығы 14289 адамы бар 2855 отбасына жалпы 1 млрд. 855 млн 479 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды: оның ішінде шартсыз ақшалай көмекке 839 адамы бар 220 отбасының және шартты ақшалай көмекке 13450 адамы бар 2635 отбасының өтініштері оң шешімін тапты.
Шартты ақшалай көмек алушы 634 азамат Бағдарламаның жұмыспен қамту белсенді іс-шараларымен қамтылды: тұрақты (маусымдық, уақытша) жұмыс орындарына 213 адам, «Жастар тәжірибесіне» 16 адам, қоғамдық жұмыстарға 261 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 91 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқуына 53 адам тартылды.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан аумағында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында Халықты жұмыспен қамту орталығының әкімшілік ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету аумағында жалпы 1772 азамат enbek.kz порталындағы «Еңбек биржасы» интернет-ресурсын пайдаланып, сонымен қатар 1972 азамат осы ресурсты пайдалануды үйретіліп, жұмыс іздеуші 210 азаматтар түйіндемелерін енгізді, 187 жұмыс берушілер өздеріндегі бос жұмыс орындары туралы мәліметтерін енгізіп, оларға осы портал арқылы тиісті қызметтер көрсетілді. Осы портал арқылы ваканттық жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандар саны 1522 адамды құрады.
Осы бағытта жұмыстар нығайтылып, азаматардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және электрондық қызметтердің мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып, өздері өздеріне қызмет көрсету арқылы уақыттарын үнемді пайдалануды ұйымдастыру шаралары жалғасуда.
Мекеме тарапынан Бағдарлама жөнінде тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде: есепті мерзімде аудандық және облыстық газеттерде жалпы 34 мақала мен хабарландырулар жарияланып, облыстық телеарнада екі телерепортаж көрсетілді.
Сәбитхан Қожанов,
аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының директоры