Basty bet

Дінтанушының еңбегі талқыланды

Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Ерзат Жақыпов Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесу өткізді.
Басқосуда ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмаларға орай «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасын іске асыру аясында аударылған еңбектер талқыланды. Ұлыбританиялық дінтанушы Карен Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» атты еңбегіне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы кітап қызу талқыланып, студент жастар өз ойларын ашық жеткізді.

Жамбыл облысы әкімдігінің
«Дін проблемаларын зерттеу орталығының»
діни экстремизмге қарсы насихат бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close