El іshі

Қарттардың алғысына бөленді

Аудан орталығындағы №15 мектеп-лицейде құрылған «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының мүшелері өзге құрбыларына оқуда озат болумен, өнегелі тәртібімен үлгі болып келеді. «Жасұландықтар» мектепке жақын маңда тұратын тұрмысы төмен отбасылар мен жалғызілікті қарттарға қол көмегін көрсетуде.
Қаңтар айында әлсін-әлсін соққан қарлы боранның әсіресе, қарайласатын жақындары жоқ жалғызілікті қарттарды әбігерге түсіргені анық. Осыны ескерген «Жас ұлан» ұйымының мүшелері – мектеп-лицейдің 8-9 сынып оқушыларынан құрылған еріктілер тобы ұстаз Салтанат Қадырбекқызының жетекшілігімен бірқатар қарттардың үйлеріне барып, аулаларын күресіп, қардан тазартып беріп, олардың алғысына бөленді.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close