El іshі

Ауылдан жеткен ақпарат

Ақтөбе
Округтерде шағын және орта бизнесті дамыту, ауылдық жерлерге инвестиция тарту, өз кәсібін ашуға, кәсібін дамытуға несие алу жолдарын түсіндіру, бағыт-бағдар беру мәселелері бойынша ауылдық округте аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Талғат Әмірәлиев ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Т.Әмірәлиев ауқымды баяндама жасады, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді. Елде қолға алынып отырған мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін түсіндіріп, өз кәсібін ашуға ниет білдірген азаматтарға барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Билікөл
«Қауіпсіз Жуалы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Ш.Аттоқыр мен округтің полиция инспекторы Б.Әлменбетов мал ұрлығының алдын алу мақсатында шалғайда орналасқан шаруа қожалық жетекшілерімен жедел-профилактикалық жұмыстар атқарды. Шаруа қожалықтарды аралау барысында «Мал ұрлығына тосқауыл қояйық!» тақырыбында бүктемелер, мал қораларына ішкі және сыртқы бейнебақылау камераларын орнату және малдарын жайылымға бақташысыз жібермеу туралы хабарламалар таратылды. Шаруа қожалықтарға жеке-жеке жинақтау папкасы ашылып, папкаға олар туралы толық ақпараттар тігілді. Шара барысында «Қауіпсіз Жуалы» бағдарламасының іс-шара жоспарына сәйкес үш жақты еңбек шарттары жасалынды.

Шақпақ
Ауылдық округте көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары қарқынды жүруде. Округтегі «Мейірхан» жеке кәсіпкерлігі және жауапты жұмысшылар әрбір тұрғын үй иелері жинаған қоқыстарды жүк көлігіне тиеп, арнайы орынға апарып төкті.
Сонымен қатар, Шақпақата ауылындағы К.Тұртаев көшесі бойындағы артезиан құдығы, елге пайдасы тиіп жатқанымен, тозығы әбден жеткен болатын. Өнерлі отбасы Шәкірбаевтардың ұйытқы болуымен және сол көшенің тұрғындарының белсене атсалысуымен артезиан құдығы күрделі жөндеуден өтті.

Айгүл АМАНҚҰЛ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close