El іshі

Халқымен бірге жасайды

«Мөлдір бұлақ» бөбекжай-балабақшасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Бабалар өмірі – ұрпаққа өнеге» атты музыкалық іс-шара болып өтті. Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу, сонымен қатар, көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу шараның мақсаты болып табылады.
Шара барысында бүлдіршіндерге Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылды. Қазақтың ұлттық биі «Қамажай» биін «Шұғыла» тобының бүлдіршіндері мың бұрала биледі. Басқа да балалар ақынның өлеңдерін жатқа айтты. Сонымен бірге, Абайдың өміріне арналған шағын көрініс тамашалаңды. «Көзімнің қарасы», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» т.б. өлеңдері оқылды.
Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік дара да дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.
«Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырларымен де халқымен бірге жасай бермек.
Әлия Есіркепова,
«Мөлдір бұлақ» бөбекжай-балабақшасының әдіскері

Таңдаулы материалдар

Close