Basty bet

«Алтын жүлде» иегері атанды

Жақында Тараз қаласында «MEDI» шығармашылық дамыту орталығы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған республикалық өнер-білім байқауын ұйымдастырды.
Байқауға Диқан орта мектебінің оқушылары қатысып қайтты. Нәтижесінде «Қара сөз» номинациясы бойынша 8 сынып оқушысы Еркеназ Бақытбекқызы, «Көркем сөз» номинациясында 9 сынып оқушысы Айсұлу Нұрмахан «Алтын жүлде» иегері атанып, дипломмен және төсбелгімен марапатталды. Жеңімпаз оқушыларға Абай Құнанбайұлының «Сен де бір кірпіш дүниеге..» атты кітабы сыйлыққа берілді.
Сонымен қатар, шәкірттері жоғары нәтиже көрсеткені үшін оқушылардың жетекшісі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қаракөз Қырғызбаева «Үздік жетекші» дипломымен марапатталды.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close