Qoǵam

Әдепсіз мінез-құлықтың алдын алады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде бес мемлекеттік қызметшінің қызметтік қатынастардағы және одан тыс уақыттағы, яғни, көпшілік алдында, бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеу кезіндегі стандарттары қарастырылған. Қазақстан Республикасының заңдарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.
Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғы шарттардың санатында»,- деп көрсетілген.
Сондай-ақ, Ұлт жоспары — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Бас құжаттың алғашқы 15-i мемлекеттiк аппаратты кәсiбилендiруден басталады. Осыған орай, мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамаларға түбегейлi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлiп.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу шаралары қарастырылған. Жүйедегi өзгерiстер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi қалыптастырып, мемлекеттiк менеджменттiң, халықтың алдындағы абырой-беделiн көтерiп, оның сапалы моделiн жасауға бағытталған.
Бүгінгі күні Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтың алдын алатын институт ретінде қалыптасып келеді.
Мемлекеттiк қызметтiң жаңа принциптерi тиiмдiлiк, нәтижелiлiк, ашықтық, меритократия, этика талаптарын сақтау, құқықбұзушылыққа төзбеушiлiк сияқты бiрқатар iзгiлiктi құзыреттермен толықтырылған. Сондықтан, олардың бойында тіл табысушылық, ұйымдастырушылық, ұжыммен бiрлесе жұмыс жасай бiлу, мақсатты дұрыс анықтап, алдағыны болжау сияқты стратегиялық-логикалық қасиеттер табылуы қажет. Осының iшiнде, әсiресе, әдеп мәселесiнiң маңызы зор деп айтсақ болады.
Мемлекеттiк қызметшiлер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да әдеп кодексiн ұстануы мiндеттi. Оның iшiнде қызметкердiң сыпайы, адал, сабырлы, салмақты, ұқыпты болуы және кез келген ортада өзiн iскерлiк стильге сай ресми түрде ұстауы мiндеттелген. Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметшi елiмiздегi тiлдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әдiл де заңды шешiмдер қабылдауы, жалған ақпар таратпауы, сын айтқаны үшiн бiреудi қудаламауы және мемлекет меншiгiн тек қызмет бабында пайдалануы қажет. Мұнан бөлек, мемлекеттiк қызметшi жемқорлық фактiсiне қатысты, тiптi, есiмiнiң аталуына жол бермеуi, қол астындағыларды кемсiтпеуi және қызметкерлердiң барлығына құрметпен қарауы тиiс.
Мемлекеттiк қызмет – бұл барлық мемлекеттiк басқаруды ұйымдастыруда жетекшi рөлге ие ең маңызды тетiктердiң бiрi. Мемлекеттiк қызметшiнiң моральдық бет-бейнесi мен этикасына айрықша көңiл бөлiнуiнiң себебi – оның iскерлiгiн ғана емес, айналасындағыларға деген құрметi мен iзетiн де жетiлдiру. Себебi, мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiмi мен бiлiктiлiгiне және жүрiс-тұрысына қарай қазiргi қоғамда халықтың атқарушы билiк жайлы көзқарасы мен оған деген сенiмi қалыптасатыны да белгiлi.
Еліміздің мемлекеттік қызметшілерінің әдеп стандартын сақтауы сенімді түрде өркендеген, мәдениеті жоғары Мемлекет болуға қол жеткізудің нысаны екендігін аңғартады.
Бүгінгі таңда, Қазақстанның мемлекеттік қызметшісі қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке нұқсан келтіруге әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтардың құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауына жол бермеуге тиіс, халықтың мемлекеттік органдарға сеніммен қарайтын, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыратын бейне.
Сондықтан, жоғарыда аталған кодекстің талаптарын қатаң сақтап, мемлекеттік қызметшілер жоғары лауазым иесі екенін дәлелдеп, барлық күш –жігерін, білімі мен тәжірибесін кәсіби қызметке жұмсап, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігін арттыруға арнауымыз қажет.

Қалан Мәмбеталиев,
Жамбыл ауданаралық әділет басқармасының инспекторы

Таңдаулы материалдар

Close