Basty bet

Жағдай жақсарған сайын тұрғындардың талабы да артады

2019 жылы наурыз айында облыс әкімінің №70 өкімімен бекітілген жергілікті атқарушы орган басшыларының жұмыс алгоритміне сәйкес аудан әкімі Нарбай Ергебеков 2020 жылы да ауданға қарасты ауылдық округтің тұрғындарымен кездесіп, онда жергілікті жерлерде туындап отырған мәселелер жөнінде кеңестер өткізуді жалғастыру үстінде. Өткен аптаның соңында аудан басшысы Нарбай Ергебеков атбасын Ақтөбе ауылдық округіне бұрды. Әкімнің округке сапары Ақтоған ауылынан басталды. Аталған ауылда барлығы 21 үй бар. Тұрғындар аудан әкімімен кездесу барысында көше жарықтандыру, аялдама салу, сонымен қатар, ауыз су мен ағын су мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, бұл ауылдың оқушылары Жаңаталап ауылындағы мектепке тасымалданып оқытылады. Осыған орай, ауыл тұрғындары оқушы балаларға арнап аялдама салып беруді сұрады. Тұрғындар көтерген осы және басқа да мәселелерге аудан әкімі Н.Ергебеков және округ әкімінің міндетін атқарушы Ғ.Жақыпбеков жауап берді.

Нұржан МАНАСҰЛЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close