Basty bet

Аудан тұрғындарының назарына

ҚР Президентінің 2013 жылғы желтоқсандағы №250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурс үш кезеңде өтеді: бірінші кезең – аудандық, екінші кезең – облыстық, үшінші кезең – республикалық. Аудандық конкурсқа қатысуға өтінімдерді тапсыру мерзімі 4 сәуір мен 4 мамыр аралығы.
Тиісті құжаттар, сұрақтар бойынша аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне 2-13-32 телефоны бойынша хабарласуға болады.
Сондай-ақ, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын аудан әкімінің сайтынан (zhualy.zhambyl.kz) көруге болады.

Таңдаулы материалдар

Close