El іshі
«Жомарт жүрек» балаларға қуаныш сыйлады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы 14 қаңтар күні «Алғыс айту» күнін 1 наурызға белгілеп, арнайы Жарлыққа қол қойған болатын. Сол күннен бастап бұл күн салтанатты жағдайда атап өтіліп келеді.
Алғаш рет Қазақстанда тұратын 130-дан аса ұлттар мен ұлыстар қиын күндерде өздеріне пана болған қазақ халқына шексіз ризашылығын білдіріп, ақжарма алғыстарын арнады. Адамдардың бір-біріне алғыс айтуы, құрмет көрсетуі – бұл Елбасы бастаған рухани жаңғырудың бастамасы деуге болады.
Осы бастаманы жалғастыру ретінде балабақшаның қамқоршылық кеңесінің қолдауымен, «Балауса» бөбекжай-балабақшасы мекемесінің педагог қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Жомарт жүрек» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Іс-шараға ауылдың белсенді, іскер азаматтары, ауыл имамы Әзілхан Балданбаев, жеке сот орындаушысы Нұрдос Жұматаев, жеке кәсіпкер және балабақша қамқоршылық кеңесінің мүшесі Жандос Сапаев, Жуалы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Ілияс Мұртаза демеушілік жасап, балабақшаға ойыншықтар алып беріп, балаларға ойнау орталығына жолдама берді.
Мерекелік іс-шарада «Жұлдыз» ортаңғы тобы мен «Құлыншақ» ерте жас тобының тәрбиеленушілері өнерлерін көрсетті.
Шарапат Ерімбетова,
«Балауса» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.
Талапты ауылы