Qoǵam

Достықты дәріптеген турнир

Жақында №12 Балалар және жассөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын жүзеге асыру аясында «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің маманы Судаба Металимованың ұйымдастыруымен «Спорт – жарқын болашақ кепілі!» атты этнос өкілдерінің қатысуымен жігіттер арасында кіші футболдан турнир өтті.
Спорттық шараның мақсаты – саламатты өмір салтын қалыптастыру қағидаттарын насихаттау, спорт арқылы этносаралық толеранттылыққа қол жеткізу, бұқаралық спорттың одан әрі өсуіне жағдай жасау.
Кіші футбол жарысында жас ерекшеліктеріне қарамастан аудандағы этнос өкілдерінен құралған командалар қатысты.
Шараны «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің «Дін істері және ақпараттық талдау» бөлімінің меңгерушісі Нұрдәулет Шырынбек ашып, қатысушы құрамаларға сәттілік тіледі.
Сайысқа сегіз құрама қатысты. Б.Момышұлы ауылы №1 МГ құрамасы, №4 Қ.Сағындықов атындағы ОМ, №16 Жуалы колледжі, «Жетітөбе» және «Қарасаз жастары» құрамалары, Қызыларық және Нұрлыкент ауылдық округінің жастары және №13 А.Байтұрсынов атындағы ОМ командалары қатысып, бақ сынасты. Ойынға Б.Момышұлы ауылының спорт ісі нұсқаушысы Қ.Орманов төрешілік етті.
Турнирдің қорытындысында I орынды №5 М.Ломоносов атындағы ОМ жастары, II орынды №16 Жуалы колледжінің жастары иеленді. Ал, жүлделі ІІІ орын «Қарасаз» жастарына бұйырды. Сонымен қатар, турнирдің «Үздік қорғаушы» номинациясын М.Алиев, «Үздік шабуылшы» номинациясын М.Ташбулатов, «Үздік қақпашы» номинациясын Қызыларық ауылдық округінен П.Станислав иеленді.
Турнирдің жеңімпаз командалары және номинация иелері бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды.
Элмира Сүйінбаева,
Б.Момышұлы ауылының
жастар ісі нұсқаушысы

Таңдаулы материалдар

Close