Qoǵam

Ардагерлер шахматтан бақ сынасты

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігі, Б.Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында «Ұлы Жеңіске- 75 жыл» атты ардагерлер арасында шахматтан аудандық байқау ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – халықты саламатты өмірге баулу.
Байқауды «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бижігіт Әл-Тарази ашты. Шахмат ойынының ережелерімен төреші Кемелбек Дәуренов таныстырды.
Жарысқа сегіз ардагер қатысты. Жарыс нәтижесінде бірінші орынды Муртаз Пурцеладзе, екінші орынды Әбуғали Ералиев, үшінші орынды Фазыл Әлімбек иеленді.
Жеңімпаздар Дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған ардагерлерге Алғысхаттар мен ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

«Jańa ómir»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close