Ádebıet
8 наурыз өлеңдер
Күліп жүрші
күн сайын
Сағындырып келіп жетті Наурызым,
Жүздеріне шуақ шашып қыздардың.
Ақ параққа жақсы өлең жазылсын,
Бәрімізге қуанышты күн бүгін.
Әйелдермен өмір мәнді, сәнді деп,
Аналарға денсаулық пен бақ тілеп.
Даналықпен ұзақ ғұмыр сүрсін деп,
Жүректерден ақтарылсын ақ тілек.
Жақсылыққа жақын жүрсін әрдайым,
Салт-дәстүрді қадірлеңдер қыздарым.
Жарқырасын нұрын төгіп көк аспан,
Асыл жандар күліп жүрші күн сайын.
Қыз бен гүл
Гүл нәзік,
Әрбір гүлде хош иіс бар.
Иіскесең тұла бойды баурап алар,
Иісіне мейір қанып, көңіл тасып,
Сананы сергітеді әсем ойлар.
Қыз нәзік,
Қыздың жолы жіңішке деп.
Көңіліне қыз баланың тимейді тек,
Қыз бен гүлді мейіріммен аялайық,
Наурыздың сегізінде гүл ұсынып.
Сезініп қыз бен гүлдің егіздігін,
Көтеріп қыз-келіншек көңілдерін.
Жігіттер ұсынайық гүл дестесін,
Ұлықтап аналардың мерекесін.
Рәтбек Қасымбектегі,
зейнеткер ұстаз.
Нұрлыкент ауылы
Аруларға ақ тілек
Күн шуағы төгілген көктем деген мереке,
Табиғатты құлпыртқан бізбен бірге әндете.
Жан-жануар оянып, даламызға сән кіріп,
Айхай, шіркін, керемет. Көктем келді мереке.
Өзіменен қуаныш, шаттық келді әлемге,
Нәзік жанды қыздардың мерекесі бүгінде.
Жандандырып әлемді жүріңіздер әрдайым,
Сіздерменен құлпырар мынау байтақ дүние.
Әже, Ана,
Сіздерді құттықтаймын жар сала,
Гүлдей жайнап құлпырып, жүріңіздер шаршама.
Жақсылық пен бақытты мен тілеймін сіздерге,
Бұл өлеңім арналар мейірімді жандарға.
Сабина Кеңес,
№2 Мыңбұлақ орта мектебінің
8 а сынып оқушысы