El іshі
Өзіңді туберкулезден қорға!
Аудандық орталық кітапхананың «Білім» залында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған «Өзіңді туберкулезден қорға!» ұлттық бағдарламасы тұжырымдамасы аясында дөңгелек үстел өтті. Оған аудандық орталық кітапхананың мамандары мен оқырмандары қатысты.
Аудандық орталық аурухананың фтизиатр дәрігері Руслан Райымбек туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары, алғашқы белгілері, жұқтыру салдары мен ауыр салдары жайлы дәріс оқыды. Ал әлеуметтік медбике Кәмшат Әміреева аурудың алдын алуға арналған бүктемелерді таратты.
«Жаңа өмір» – ақпарат