El іshі

Абай – дана, Абай – дара қазақта!

Аудан әкімдігі білім бөлімінің жоспарына сәйкес Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жақында «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбында аймақтық байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты – қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттау.Ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармалары арқылы саналы да сапалы етіп тәрбиелеу, Абай әлеміне саяхат жасау кезінде Абай ойлары арқылы қалыптастыру, ақынның рухани әлемімен рухтандыру.
«Ұлы ақынның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады…» Бұл ойлар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты көлемді мақаласында да айтылды. 175 жыл бұрын қазақ халқына Күн секілді туған ұлы тұлға – Абайдың бүгінгі жас ұрпақ үшін маңызды әрі өзекті екенін көрсетеді. Осыған орай, ауданда да түрлі іс-шаралар өтуде. Бүгінгі таңда №29 орта мектебінде, №17 Ы.Алтынсарин, №6 А.Пушкин, №7 Т.Әкімов атындағы орта мектептерінде «Абай-дана, Абай-дара қазақта» тақырыбындағы аймақтық байқау өз мәресіне жетті.
Байқау бес бағытты қамтыды. Оқушылар «Білімдіден шыққан сөз» бағыты бойынша ақынның өлеңдерін, поэмаларын өз таңдауы бойынша мәнерлеп жатқа оқыды. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» бағыты бойынша жанды дауыста ән айтып, сахналық өнер көрсетті. «Қазақта қара сөзге дес бермедім» бағыты бойынша ақынның қара сөздерін жатқа айтты. «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін…» номинациясы бойынша Абайдың тағылымды өмірінен және поэмаларынан көрініс көрсету болатын. Мектеп оқушылары М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша сахналық көріністі өте жоғары деңгейде қойды. Абай образын сомдауы, сол замандағы тартысты, шиеленіскен оқиғаларды үлкен шеберлікпен ойнап шықты. «Абай даналығы» бағыты бойынша ақынның шығармаларын, нақыл сөздерін, отбасылық мұраларын, ұрпақтарын, қазіргі мектептегі атқарылған іс-шараларды кіріктіре отырып, А4 форматта альбом жинақтайды. Жоғары ізденіспен ақын өміріне зерттеу жүргізген оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.
Байқауға ауданымыздың барлық білім мекемелерінің оқушылары қамтылды. Білімімен, өнерімен үздік танылған №26 Жаңаталап орта мектебі, №17 Ы.Алтынсарин атындағы ОМ, №12 М.Әуезов атындағы ОМ, №23 Алатау ОМ, №25 Ақтөбе ОМ, №19 Д.Қонаев атындағы МГ, №22 Б.Момышұлы атындағы ОМ, №29 ОМ, №6 А.Пушкин атындағы ОМ, №14 Б.Майлин атындағы ОМ, №16 С.Сейфуллин атындағы ОМ, №3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектептерінің оқушылары дараланып аудандық байқауға жолдама алды.
Байқауға қатысқан оқушылар мен дайындаған жетекшілерге алғысымызды айта отырып, жүрекжарды лебізімізді білдірдік.
Абай туралы естеліктердің қай-қайсысын алсаңыз да, олар Алланы, адамды және әділетті сүйген ұлы ақын тұлғасының сан қырын адамгершілік, адалдық пен әділеттілік тұрғысынан сомдай түсіп, ұрпаққа аманат етеді. Осынау өмір жолында жүзі жарқын, жүрегі нұрлы әрбір азаматтың ұлы ақын аманатына сай Алланы және адамды сүйіп, ақиқатқа адал, адамға әділетті болғанына не жетсін?! Байқауға қатысқан оқушылар мен дайындаған жетекшілерге алғысын айтты.

Бақыткүл ПОЛАТОВА,
аудандық білім
бөлімінің әдіскері

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close