Basty bet

Елдің тұтастығы бәрінен маңызды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 20 наурыз күні Қазақстан халқына Үндеу жариялаған болатын. Елбасы Үндеуінде барлық қазақстандықтарды төзімділік танытуға, мемлекет қабылдап жатқан шараларды қолдауға шақырды.
«Кемедегінің жаны бір» демекші, сын сағатта ортақ істен ешкім сырт қалмауын айтып, бұл қиын кезеңде ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражатын жинақтайтын республикалық қор құруды ұсынды. Ұлттық бизнес өкілдерінің ел-жұртқа көрсетіп жатқан көмегі үшін ризашылығын білдіріп, елімізде көмекке мұқтаж әрбір азаматқа қамқорлық көрсетілуі тиіс екенін жеткізді.
Үндеуге орай партия Төрағасының бастамасымен партияның аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Біз біргеміз!» акциясы болды. Акция аясында аудандық филиал 20 отбасына көмек көрсетсе, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері 80-ге жуық көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасады.
Акцияға партия мүшесі «Great.com» ЖШС төрағасы Тейгран Аллахвердиев есімді азамат демеушілік жасады.
Акция аясында жалғызбасты қариялар, аз қамтылған және көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар қамтылды. Оларға азық-түлік және гигиеналық құралдар салынған пакеттер берілді.
Акцияға сонымен бірге бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері мен депутаттар да атсалысуда.
Мемлекетімізде жарияланған төтенше жағдай – өте маңызды әрі қажетті қадам. Сондықтан Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының Үндеуін қолдай отырып, баршаңызды сабырлылықа, тұтастыққа шақырамын!
Халқымыз бірліктің арқасында бұл сыннан да сүрінбей өтетініне сенімдімін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Анар Ахметова,
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Таңдаулы материалдар

Close