Ádebıet

Батыр ата – Бауыржан!

Басымыздан өтпеді нелер заман,
Есімін естігенде елең қағам.
«Батырлық» деген сөздің белгісіндей,
Бауыржан Момышұлы деген бабам.

Батыр, батыл, кемеңгер, кемел бабам,
Болмайды ешқашанда төмен бағаң.
Талай жыл, талай ғасыр өтсе-дағы,
Ерлігіңді ұмытпас ешбір адам.

Қолында батырлықтың байрағы бар,
Жалғанда жетіп жатыр жайдарылар.
Баһадүр Баукең сынды болу керек,
Жүзінде Абылайдың айбары бар.

Қазақтың сүт бетінде қаймағы бар,
Өзіндік парасатты байламы бар.
Батырдың айтып кеткен әр сөзінде,
Далалық даналықтың айғағы бар.

Қазақтың қайсар ұлы діні мықты,
Айтқаны жас ұрпаққа ұғынықты.
Атамның арыстандай айбарынан,
Қас-дұшпаның тізесі бүгіліпті.

Бейбітшілік алауы лапылдайды,
Біздерді бүкіл әлем мақұлдайды.
Ерліктің мұнарасы құламайды,
Бауыржан Момышұлы атындағы!!!

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close