Basty bet

Атқарылатын жұмыстардың аясы кең

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың қыркүйегіндегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауы халық пен азаматтық қоғам өкілдерінің көңілінен шығып отыр. Халық асыға күтетін жылдың басты саяси оқиғасы болып табылатын Президент Жолдауы мемлекетіміздің бағыт-бағдарын айқындайтын, халықтың алдына жаңа міндеттер қоятын жылдың басты құжаты екені баршамызға мәлім.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен іске асырылып жатқан еліміздің «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы» аясында еліміз шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құруға бейімделуде. Осы ретте, бір айта кетерлігі, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін беретін бірқатар мемлекеттік бағдарламалар Мыңбұлақ ауылдық округінің әлеуетін арттыруға өз септігін тигізуде. Ұсынылған бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру нәтижесінде тұрғындардың әл-ауқаты артып, тұрмыстары да түзелуде.
Мыңбұлақ ауылдық округі бұрыннан ауыл шаруашылығын кәсіп еткен елді мекен болғандықтан, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге беріліп жатқан жеңілдіктерді тиімді пайдалануда. Ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттің тұрақты қолдауы нәтижесінде, аталған сала жылдан-жылға өзінің жоғары өсімін де көрсетіп отыр.
Ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау арқасында, округте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы жер көлемі – 8594,0 га, оның ішінде егістік жер көлемі – 5945,0 га, жайылымдық жер көлемі – 2623,0 га, көпжылдық екпелер 23 га, шабындық жерлер 3 га құрайды. 2019 жылы жоспар бойынша 5945,0 га егістік жер игеру керек болса, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан 5945,0 га егістік жер игеріліп, жоспар 100 пайызға орындалды. Игерілген алқапқа 2019 жылы 205,0 га жоңышқа, 278,0 га күздік бидай, 1575,0 га арпа, 1212,0 га мақсары, 240 га картоп, 113 га көкөніс, 10 га қант қызылшасы, 1460 га көпжылдық шөп егіліп, 850 га жер парға (сүр) қалдырылды. Соның ішінде, бидай – 278,0 га орылып, 25 центнерден 695 тонна өнім алынды; мақсары – 1212,0 га орылып, 8,2 центнерден 994 тонна өнім алынды; арпа – 1575,0 га орылып 23,7 центнерден 1732 тонна өнім алып, индикаторлық көрсеткіштерге қол жеткіздік.
Сонымен қатар, аталған саланы дамытуда өткен жылы «Бірлік» шаруа қожалығы жеті миллион 150 мың теңгеге «МТЗ-82,1» тракторын, «Дулат» ШҚ 2 миллион 745 мың теңгеге шөп жинайтын тіркеме, 1 миллион 945 мың теңгеге жүк артқыш, «Ренат» ШҚ 7 миллион 590 мың теңгеге «МТЗ-952» маркалы тракторын, 3 миллион 800 мың теңгеге шөп тайлағыш тіркемесін алып, округ техникасын жаңартуға өз үлестерін қосуда.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу үшін мемлекет тарапынан бөлінген 215 тонна жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай бөлініп, округ шаруа қожалықтары толықтай алды.
Округте егін шаруашылығымен қатар, мал шаруашылығы да тұрақты даму үстінде. Округ тұрғындарының көпшілігінің кәсібі мен табыс көзі мал шаруашылығымен тікелей байланысты болғандықтан мал шаруашылығын дамыту ерекше маңызға ие. Бүгінгі таңда округтегі ірі қара мал саны 1170 басты, ұсақ тұяқты мал саны 7310 басты, жылқы 287 басты, құстар 4791 басты құрады. Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясында өңірде фермерлік, шағын және орта бизнесті дамыту үшін мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғыртумен қатар, аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамытуға аса мән беріп, ауыл шаруашылығын аяғынан нық тұрғызудың басым міндеттерін айқындап берген болатын. Етті малды өсіруді дамыту аясында округте «Алтын асық» бағдарламасы бойынша «Елдар» шаруа қожалығы 570 бас аналық уақ мал, сонымен бірге, 29 бас асыл тұқымды қошқар алса, «Барыс» шаруа қожалығы «Құлан» бағдарламасы бойынша 32 бас жылқы сатып алып, берілген жоспар орындалды.
Ауылдық округ бойынша бүгінгі таңда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ОҚФ-нан «Игілік» бағдарламасы шеңберінде барлығы тоғыз ауыл тұрғыны 24 миллион 900 мың теңге несие алып, мал шаруашылығын дамытуға күш салуда. Тұрғындарға өз кәсібін ашу бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады.
Сонымен қатар, ауданымыздағы сүт көлемін көбейту мақсатында «Мыңбұлақ-2017» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, өз жұмысын жүргізуде. Жетекшісі Мұхтар Сыдығалыұлы. «Мыңбұлақ-2017» АШӨК-нің 40 мүшесі, 6 жалдамалы жұмысшысы, 503 бас МІҚ бар. 2019 жылы 540 тонна сүт өндіріп, оның 420 тоннасын ауданда орналасқан «Мешелова З.» шағын сүт зауытына өткізген.
Кәсіпкерлік саласына тоқталып өтер болсам, Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту – мемлекеттің алға қойған басты міндеттерінің бірі. Өйткені, кәсіпкерлік саласын өркендету мемлекет саясатының ажырамас бөлігі екені белгілі. Кез келген елдің экономикасының негізі – шағын және орта кәсіпкерлік. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенер болсақ, шағын және орта кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту елдің экономикасын көтеруде маңызды орынға ие екенін көреміз. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы өңірде жаңа жұмыс орындар ашуға, қоғамдағы жұмыссыздық мәселесін төмендетуге және әлеуметтік мәселелердің түйінін тарқатуға мүмкіндік туатыны белгілі. Аталған саланы оңтайлы жүзеге асыру мақсатында қазіргі таңда округте 75 жеке кәсіпкерлік субъектісі және 6 заңды тұлға, 127 шаруа қожалығы тұрақты жұмыс жасауда. Осы кәсіпкерлік нысандарында 237 адам жұмыспен қамтылған.
Сонымен қатар, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті қамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша округтің 36 тұрғыны жалпы 22 миллион 412 мың теңге қайтарымсыз грант алып, өз кәсіптерін жүргізуде. Оның ішінде, атап айта кететін болсам, «ЖК Мадина» 3 миллион теңге қайтарымсыз грант алып, ЛЕГО кірпішін шығаратын шағын цех ашса, «ЖК Мырзатаева» 3 миллион теңге қайтарымсыз грант алып, құрама жем шығаратын цех ашып, бүгінгі күнде өз кәсіптерін жүргізуде. Ал, қалған 34 тұрғын 505 мың теңге және 252 мың 500 теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, мал және құс шаруашылығы және халыққа қызмет көрсету бағытындағы әртүрлі кәсіп түрлерін ашып, өз жұмыстарын жүргізуде.
Аппарат қызметкерлерінің маңызды міндеттерінің бірі аудан бюджетін тұрғындар есебінен төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер арқылы толықтыру. Салық жинаудың жылдық жоспары толығымен орындалды.
Ауылдық округте 2019 жылдың қорытындысы бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде 123 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындары бойынша 14 адам, тұрақты жұмыс орындарына 45 адам жұмысқа тартылды, ақылы қоғамдық жұмысқа 38, «Жастар тәжірибесімен» 26 жас жұмысқа тартылды. Сондай-ақ, аталған бағдарламаның бірінші бағытын орындау мақсатында кәсіптік оқуға жоспар бойынша 17 адам бекітілген болса, нақты орындалғаны 30 адам. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек 2 бағытта жүргізілді, жалпы 198 отбасы жобаға қатысты, оның ішінен 180 отбасы шартты ақшалай көмек нұсқасына қатысуда, қалған 18 отбасы шартсыз ақшалай көмекке қатысып, бөлінген қаражатына әлеуметтік келісімшарты бойынша тиесілі малдарын және үй құстарын алып кәсіппен айналысуда. Округтегі жағдайы төмен отбасыларға жеке кәсіпкердің есебінен қайырымдылық шарасын ұйымдастыру арқылы 10 отбасыға азық-түлік таратып көмек берді.
Ұлт жоспары – «100 нақты қадамға» сәйкес, ауылдық округ әкімдеріне жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілгені мәлім. Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес шотына жиналған қаражат жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге жұмсалуда. Атап айтқанда, 2019 жылға арналған жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған қаржы есебінен Талапты ауылындағы Б.Момышұлы көшесі орта жөндеуден өткізілді. Жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің келісімімен Көлбастау, Талапты ауылдарының орталығына бильбордтар мен баннерлер ілінді. Санитарлық-тазалық, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу мақсатында көктем-күз мезгілінде 700 түп қарағаш көшеттері отырғызылып, ағаштардың түбі әктелді.
Мәдениет және спорт саласы бойынша ауылымызда дұрыс көңіл бөлінген. Мәдени және спорттық іс-шаралар, тұрақты түрде яғни, ауыларалық шахмат, шашка, үстел теннисі, бильярд, футбол түрлерінен жарыстар өтіп тұрады. Мерекелерде өз деңгейінде іс-шаралар өткізіледі. Бұл шараларға негізінен, ШҚ жетекшілері, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары демеушілік жасап отырды.
Округте жастар саясаты бойынша да тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Ауыл жастарымен тұрақты жұмыстар жүргізіліп отыр. Ауылдық округте жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша, рухани-мәдени бағытта, діни бағытта, саламатты өмір салтын насихаттау бағытында, барлығы – 47 семинар, жиындар, кездесулер және түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бүгінгі күні округте 14 пен 29 жасқа дейінгі 803 жас бар. Олардың 121-і жоғары оқу орындарында оқыса, 73-і арнаулы оқу орындарында білім алуда. Отан алдындағы әскери борышын өтеуге 17 азамат алынды. Округте жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде. Оның дәлелі ретінде, ауыл жастары арасында жүйелі өтіп тұратын спорттық сайыстар мен жарыстарды айтуға болады. Сонымен қатар, ауыл жастарының арасынан құрылған «Еріктілер тобы» ауылдағы жасы үлкен қарияларға және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмектерін көрсетуде.
Мемлекет басшысының жастарға жасап отырған мүмкіндігі арқасында, бүгінгі күні жастар саясаты жылдан-жылға дамып келеді. Осы орайда Жастар жылы аясында Жамбыл облысында жүзеге асырылған «Жас кәсіпкер» жобасына Мыңбұлақ ауылдық округінен жастар белсене қатысып, екі жас азамат 3 миллион теңге қайтарымсыз гранттың, 26 жас 505 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз гранттың иегері атанды.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың төртінші деңгейлі бюджетіндегі қаражатты жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге жұмсалуда.
Өткен жылы «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы шеңберінде 3 миллион 917 мың теңге қаржы қарастырылған. Аталған қаржыға Талапты ауылының Б.Момышұлы көшесіне 1 миллион 238 мың теңгеге жарықтандыру жүргізіліп, үнемделген 2 697 000 мың теңгеге Көлбастау ауылы Д.Қонаев және Б.Момышұлы көшелерінің қиылысына құмшағал төсеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күнге пайдалануға берілді. Ауылдық округке қарасты Ақсай-1 каналына 4 миллион 899 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, 6 миллион 320 000 теңгеге Көлбастау ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің спорт залына ағымды жөндеу жұмыстары, 250 мың теңгеге аталған мектептің кіреберісіндегі пандусына ағымды жөндеу жұмыстары және 1 миллион 800 мың теңгеге мектептің кіреберіс алаңына брусчатка төсеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген. Жылдың аяғында жоспардан тыс салық түсімдеріне ауылдық округтегі кездейсоқ қоқыс алаңдарын тазалау жұмыстарын 150 мың теңгеге аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің «Жасыл-Жуалы» кәсіпорны жүргізді.
Көлбастау ауылындағы Қ.Рысқұлбеков, Ә.Байтоқов көшелерінің су құбырлары жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал көше жарықтандыру жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарын 118 мың теңгеге «Жуалы-Өрлеу» ЖШС жүргізді.
Осы ретте, 2020 жылы қоғамдастықтың келісімі бойынша атқарылатын жұмыстарға да тоқталып өтсем деймін. Ағымдағы жылы «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы 3 миллион 917 мың теңге қаржы қарастырылған болатын. Бұл қаржыға ауылдық округтің аумағындағы «Момышбұлағы» саябағын абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
2020 жылдың бюджетінен қомақты қаражатқа ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратына ағымды жөндеу жұмысын жүргізу, Көлбастау ауылы Б.Момышұлы көшесінің газ құбыры тартылмай қалған 14 үйге газ құбырын тарту жоспарлануда.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2020 жылы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылының бірқатар көшелерінің жолдарын орта жөндеуден өткізу, жарықтандыру жүргізу жоспарланған. Сонымен бірге, А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің ғимаратына ағымды жөндеу жұмыстарына құжаттар дайындалып, аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне өткізілді.

Ғабит Үмбеталиев,
Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі

Таңдаулы материалдар

Close