Basty bet

ХАБАРЛАНДЫРУ

Жамбыл облысының Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 7сәуіріндегі №12 қаулысына сәйкес облыс аумағында 2020 жылдың 9 сәуірінен бастап карантин режимі енгізіледі. Осыған орай Жуалы ауданы әкімдігі, Сіздерден аудан аумағында төмендегі шектеулерді қатаң орындауды сұранады.
1. Аудан аумағында адамдардың және жеке көліктің қозғалысы тек азық-түлік, дәрілік препараттар алуға, медициналық көмекке жүгінуге, әлеуметтік көмек алу үшін тиісті мекемелерге баруға, көктемгі егіс және басқа ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізу жағдайларында ғана рұқсат етіледі. Аталған жағдайларда 3 адамнан артық (отбасы мүшелері болмаса) және қорғану құралдарын пайдаланбай қозғалуға болмайды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар ересектердің еріп жүруінсіз жүріп-тұруына тыйым салынады.
2. 65 жастан асқан адамдарға, созылмалы ауры бар, денсаулығы бойынша «қауіп-қатер» тобына жататын азаматтарға үйде оқшаулану режимі сақталуы тиіс;
3. Сауда ойын-сауық орталықтарының, базарлардың, барлық азық-түлік емес тауарлар сататын орындардың, автосалондардың, автоқосалқы бөлшектер сату салондарының, гүл павильондарының қызметі тоқтатылады;
4. Қызмет көрсету орталықтары, яғни, фотоатель, фотосалондар, оптика, көлікжуу орындары, моншалар, компьютерлік клубтар, техникалық қызмет көрсету стансаларының т.б қызметі тоқталады;
5. Дәмханалардың, асханалардың, басқа да қоғамдық тамақтану объектілері жабылады, тек «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша 10.00-ден 22.00-ге дейін ғана жұмыс атқарады;
6. Серуендеуге арналған орындарға, саябақтар мен скверлерге, алаңдарға, жағалауларға, спорт алаңдарына шығуға тыйым салынады;
7. Станционарға жатқызылған пациенттерге баруға және сәлемдемелер беруге болмайды;
8. Сауда объектілерінде, банктерде тек қорғау құралдарымен кіруге рұқсат етіледі және азаматтар өз араларында 2 метр қашықтықты сақтауы тиіс.
Карантин жағдайындағы талаптарды бұзу «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне» сәйкес, 10 АЕК көлемінде айыппұл салуға немесе 15 күнге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғатынын ескертеміз.
Жуалы ауданы аумағындағы коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабының байланыс нөмерлері: 8(726-35) 2-10-46; 8(726-35) 2-02-75; 8(726-35) 2-13-65; 8(726-35) 2-12-82; 8(726-35) 2-21-45; 8(726-35) 2-14-80.

Аудан әкімінің аппараты

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close