Basty bet

Дәрігерлер еңбегі ерлікпен пара-пар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның бүгін таңертең өткен кезекті отырысында індеттің таралуын бәсеңдету жұмыстарындағы олқы тұстар талқыға салынды.

Президент індет ошақтарында инфекция жұқтырғандармен алғаш бетпе-бет келіп, көзге көрінбейтін жауға қарсы «шайқасқан» ақ халатты абзал жандардың, эпидемиологтардың, полицейлер мен әскерилердің жанкешті еңбегін жоғары бағалайтынын айтып, оларға коронавируспе күресте алғы шепте болып, азаматтардың денсаулығының қорғаны бола білгені үшін алғысын білдірді.

Аудан аумағында шектеу шараларын іске асыру жән індеттің таралуын болдырмау мақсатында орнатылған екі блок-бекетке 70-ке жуық медицина қызметкері тартылып, тәулік бойы кезекшілік атқаруда. ТЖ кезеңінде олардың жалақысы сақтала отырып, қосымша үстемақы төлеу көзделіп отыр. Блок-бекетте кезекшілік атқаратын медицина қызметкерлерінің барлығы медициналық бетпердемен, жеке бастың қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген.

Мемлекеттік комиссияның отырысында белгілі болғандай, елімізде төтенше жағдай режимі сәуір айының аяғына дейін ұзартылды. Сондықтан да халықты ттағы да сабырға, шектеу шараларын сақтауға шақыра отырып, егде адамдардың үйден шықпауын, тазалық ережелерін ұстануды, карантин режимін бұзбауды сұраймын.

Батихан Алпысбай,

аудандық орталық ауруханының бас дәрігері.

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close