Basty bet

Хаттама толтырылып, айыппұл салынды

Жуалы ауданы аумағында аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15-ші наурыздағы №285 Жарлығының талаптарын орындау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, аудан аумағында орналасқан мейрамхана, кафе, монша, шаштараз-сән салондары, дүкендер тексеріліп шектеу шараларына немқұрайды қараған тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476 бабымен, яғни «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша хаттамалар толтырылды.
02.04.2020 жылы сағат 15.10 шамасында Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №5/а мекенжайда орналасқан азамат А.Т иелігіндегі «Мыңбұлақ» фотосалоны белгіленген шектеулерге қарамастан жұмыс жасағаны анықталған. Фотосалон иесіне ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша хаттама толтырылды.
03.04.2020 жылы сағат 20.10 шамасында Б.Момышұлы ауылы, Жібек жолы көшесінің бойындағы орналасқан азамат А.Т иелігіндегі «Сырахана» белгіленген шектеулерге қарамастан жұмыс жасағаны анықталған. Сырахана иесіне ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша хаттама толтырылды.
Б.Момышұлы ауылы, Р.Батыр көшесі №20 мекенжайда орналасқан «Лиза» дүкенінің иесіне азаматша 1974 ж.т. У.Л ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша хаттама толтырылды.
Б.Момышұлы ауылы, Тәуелсіздік көшесі №2 мекенжайда орналасқан «Рамазан» дүкенінің иесі азаматша 1963 ж.т. Р.Д ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша хаттама толтырылды.
Б.Момышұлы ауылы, Н.Тұрысов көшесі №33 мекенжайда орналасқан «Әли» дүкенінің иесі азаматша 1962 ж.т. Т.Н ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша хаттама толтырылды.
Б.Момышұлы ауылы, С.Бейбарыс көшесі №1 мекенжайда орналасқан азамат Е.А меншігіндегі ойын орталығын тексеру барысында белгіленген шектеулерге қарамастан жұмыс жасағаны анықталған. Азамат 1976 ж.т. Е.А ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша хаттама толтырылды.
Б.Момышұлы ауылы, Р.Батыр көшесі №86 мекенжайда орналасқан азамат Н.Т иелігіндегі «Нұр-Айна» фотосалоны белгіленген шектеулерге қарамастан жұмыс жасағаны анықталған. Фотосалон иесі азамат 1989 ж.т. Т.Н ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша хаттама толтырылды.
09.04.2020 жылы сағат 10.50 шамасында Б.Момышұлы ауылы, Б.Үсенов көшесі №25/а мекенжайда орналасқан «МЕР» дүкенінің иесі азаматша 1975 ж.т. Н.Л белгіленген шектеулерді бұзып, яғни арнайы медициналық қолғапсыз сауда жасағаны анықталып, ҚР ӘҚБтК 476 бабы 6 тармағымен хаттама толтырылып, Жуалы аудандық сотының 10.04.2020ж. Қаулысына сәйкес 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Осы күнгі тексеріс барысында Шақпақата ауылы, Пахомов көшесінде орналасқан «Эсмира» дүкенінің иесі азаматша 1997 ж.т. Р.А, «Нариман» дүкенінің иесі азаматша 1993 ж.т. А.Н, «Камрян» дүкенінің иесі азаматша 1989 ж.т. Г.Д белгіленген шектеулерді бұзып, яғни арнайы медициналық қолғапсыз сауда жасағандары анықталып, ҚР ӘҚБтК 476 бабы 6 тармағымен хаттама толтырылып, іс-құжаттар шешім қабылдау үшін Жуалы аудандық сотына жолданды.
10.04.2020 жылы сағат 12.30 шамасында Б.Момышұлы ауылы Төле би көшесі №9/1 мекенжайда орналасқан «1000 мелочей» дүкенінің иесі азаматша 1959 ж.т. Н.Р белгіленген шектеулерді бұзып, яғни арнайы медициналық маска, қолғапсыз сауда жасағаны анықталып, ҚР ӘҚБтК 476 бабы 6 тармағымен хаттама толтырылып, іс-құжаттар шешім қабылдау үшін Жуалы аудандық сотына жолданды.

Жуалы аудандық полиция бөлімі

 

Төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік режімді бұзғаны үшін Жуалы ауданында төрт жергілікті тұрғын жауапкершілікке тартылды.
Іс құжаттарға сәйкес, құқықбұзушы А. 2020 жылғы 01 сәуірде, Б.Момышұлы ауылында «Sony Playstation» ойынын бес адамға ойнату қызметін жүзеге асырған, яғни төтенше жағдайдың жариялануына мемлекеттiк орган белгiлеген санитарлық режимдi бұзған.
2020 жылғы 01 сәуірде, құқықбұзушы Т. Б.Момышұлы ауылында орналасқан азық-түлікті дүкенінде қолғапсыз және бетпердесіз жұмыс істеген, яғни санитарлық режимдi бұзған.
2020 жылғы 01 сәуірде, құқықбұзушы Р. Б.Момышұлы ауылында орналасқан дүкенде қолғапсыз жұмыс істегенін, яғни төтенше жағдай кезінде санитарлық режимдi бұзған.
2020 жылғы 02 сәуірде, құқықбұзушы Н. Б.Момышұлы ауылында орналасқан фото салонында бірнеше халық жинап, http://xn--e1a.gov/ порталы арқылы елдердің арыздарын толтырып, төтенше жағдай кезінде санитарлық режимдi бұзған.
2020 жылдың 16 наурыз -15 сәуір аралығында өңірдегі төтенше жағдайдың енгізілуін елемей, аталған азаматтар мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзып, сол арқылы ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабы 3, 6 тармақшаларында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасаған.
Сот мәжілісінде құқықбұзушылар өздерінің кінәларын толығымен мойындаған.
Сот отырысында, судья қатысушыларға мемлекет басшысымен іске асырылып жатқан шаралары біріншіден азаматтардың және олардың отбасыларының денсаулықтары мен өмірлерін сақтап қалу үшін жасалынып жатқанын түсіндірді.
Соттың қаулысымен, құқықбұзушыларға А. 5 тәулікке қамаққа алу, Т. Н. Р. 26510 теңге әкімшілік айыппұл салу жазалары тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Абылайхан Сәрсен,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close