Basty bet
Электр энергиясын тұтынушылардың назарына!
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 жаңа коронавирустың жариялауына және төтенше жағдай режімін енгізуге байланысты, Біз сіздермен бірге елдің экономикасының барлық секторларына, соның ішінде, электр энергетикасын пандемияның аса теріс ықпалының куәсі болдық.
2020 жылғы 16 наурыздағы өз сөзінде ел Президенті Қ.К.Тоқаев Қазақстанның барлық азаматтарын тыныштықты сақтауға, бір-біріне көмектесуге, өзін және жақындарын қорғауға шақырды. Сондай-ақ, «Біздің халқымыздың рухының күші, бізге тән оптимизм мен өмірге оң көзқарас, бүгінгі күні әсіресе маңызды», – деп атап өтті.
Біз Үкіметпен қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар қазақстандықтарға әлемдік қатерлерге қарсы тұруға көмектесетініне және бұл бізді одан да күшті әрі ұйымшылдыққа жетелейтініне сенімдіміз.
Бүгін, осы қиын уақытта «Жамбыл Электр Жүйесі» ЖШС өз тұтынушыларын электр энергиясымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті күш-жігерін жұмсайды, өйткені барлық тіршілікті қамтамасыз ету объектілері электр энергиясына байланысты.
Сонымен қатар, Екібастұз МАЭС – 1 және МАЭС – 2 өндіруші компаниялары бұрын бекітілген тариф бойынша электр энергиясын босататынын атап өткім келеді, ал біздің өңірдің кепілдік беруші жеткізушісі – «ЖамбылЖарықСауда – 2030» ЖШС осы компаниядан электр энергиясын алдын ала төлеу бойынша, төлемдер бойынша мерзімін ұзартпай жібереді. Осыған байланысты, электр энергиясымен жабдықтаушы ұйым – «ЖамбылЖарықСауда – 2030» ЖШС және электр энергиясын беруші ұйым – «Жамбыл Электр Жүйесі» ЖШС, электр энергиясын өндіруші кәсіпорындар (станциялар), «KEGOC» АҚ және аймақтық электржелілік компаниялар алдында белгілі бір міндеттемелері бар екенін ескеру қажет. Міндеттемелер бойынша төлем болмаған немесе уақтылы төленбеген жағдайда, электр энергиясын беруді шектейді, бұл өз кезегінде «ЖамбылЖарықСауда – 2030» ЖШС барлық тұтынушыларын электр энергиясын жабдықтауда іркіліске әкеледі.
Сіздерге ыңғайлы болу үшін электр энергиясы үшін төлемді үйден шықпай-ақ, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен электрондық әмияндары бойынша, сондай-ақ, жақын жердегі төлем терминалдары арқылы жүргізуге болады. Бұдан басқа, кейіннен жұмысы қазір пысықталып жатқан мобильді кассалық операторлардың қызметтерін пайдалануды ұсынамыз.
Осыған байланысты, Құрметті электр энергиясының тұтынушылары, осы ауыр уақытта тұрмыстық қолайсыздық тудырмау үшін, пайдаланған электр энергиясы үшін уақытылы төлем жасап, жауапкершілік көрсетулеріңізді сұраймыз.
Абдувахас Курбанов,
Жуалы аудандық электр желілерін
тарату мекемесінің басшысы