Basty bet

Кәсіпкерлерді әрдайым қолдауда

Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы мәлімдеме жасады. Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы болып отыр. Себебі, елімізді пандемияның шеңгелінен құтқару – бәрімізге ортақ міндет.
Еліміздегі төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастан Президентіміз әр азаматтың өмірі қымбат екенін естен шығарған емес. Қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат мемлекеттің назарында. Мемлекет ешқашан халықты қиындықта қалдырған жоқ. Оның куәсі де болып жүрміз. Мемлекет тарапынан халықтың жағдайы ескеріліп, түрлі шаралар қолға алынды. Бірқатар жұмыстар атқарылды. Өзгерістер орын алды. Табысынан айырылған азаматттарға мемлекеттік әлеуметтік көмек беріліп, көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетілуде. Кәсіпкерлерді, шаруа қожалықтарды үкімет қолдап, бізге үлкен сенім артып отыр. Міне, мұның барлығы бүгінгі мәлімдемеде көрініс тауып, алдағы нақты жоспарлар айтылды.
Президент шағын және орта бизнес күрделі жағдайға тап болғанын айта келе, осы салаға көмек көрсетілмесе, экономиканы қалпына келтіре алмайтынын жеткізді. «700 мыңнан аста компания және жеке кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды. Сол арқылы 1 триллион теңгеге жуық қаржыны үнемдей алады. Шағын және орта бизнеске несие беру үшін қаражат бөлінді» деді Мемлекет басшысы.
Осындай қиын сәттерде бірлігімізді танытып, бір-бірімізге түсіністік танытсақ, індетті жеңеміз. Кәсібіміз өрге домалап, биік шыңдарды бағындыратымызға сенімдіміз. Тек баршамыз сабыр етіп, шыдамдылық танытайық.

Нүрилә Мәлібекова,
жеке кәсіпкер

Таңдаулы материалдар

Close