Qoǵam

Еңбекке – құрмет

Мереке қарсаңындағы кезекті мәжілісте аудан әкімі Нарбай Ергебеков аудан басшыларының атынан аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұстафа Пешеновты зейнет жасына толуымен құттықтады.
Адам өмірінің ең бір асыл кезі, асқар белі 63 жасқа болып отырған Мұстафа Кеңесбекұлы еңбек жолын Ленин атындағы колхозда жұмысшы болып бастаған. Көп жылдар бойы ауданның жер ресурстарын басқару комитетінде инженер-жерге орналастырушы, жер қатынастары бөлімінде бас маман, Мыңбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман, әскери есеп столының инспекторы, 2013 жылдан бастап жер қатынастары бөлімін абыроймен басқарып келді. Нарбай Әбілқасымұлы Мұстафа Кеңесбекұлына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, мерейі әрдайым үстем болып, өміріңіз шаттыққа, думанға, бақытқа толсын деген тілегін жеткізіп, құрметпен Құттықтаухатын тапсырып, шапан кигізді. Сонымен бірге облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Айдар Тәжіков және ауыл шаруашылығы кәсіподақ ұйымының салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары Жанәлі Көбеев те арнайы келіп, игі тілектерін білдіріп, І дәрежелі «Даңқ» төсбелгісімен, «ҚР Құрметті жерге орналастырушысы» медалімен марапаттап, облыстық басқарма басшысы Бақтияр Көпбосыновтың Алғыс хатын тапсырды.
«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close