Qoǵam

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы (Б.Момышұлы ауылы, Қонаев көшесі, №6, тел. 2-04-47)

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабына 3 тармағына сәйкес Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Б.Момышұлы ауылы және Қошқарата ауылдық округі әкімдерінің сайлауын өткізу туралы 2019 жылғы 29 сәуірдегі №05 шешімін шығарды. Сайлау 2019 жылдың 16 маусымына тағайындалды. Аумақтық сайлау комиссиясы осы сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті.
Б.Момышұлы ауылы және Қошқарата ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2019 жылдың 16 маусымына тағайындалуына байланысты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабы 2 тармағы 7 тармақшасы негізінде Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі құрамы жөнінде хабарлайды:
Комиссия төрайымы: Алтыбаева Нурзия Бахторазовна;
Комиссия төрайымының орынбасары: Айжанов Мажит Мамытович;
Комиссия хатшысы: Данияров Бахытжан Есентаевич;
Комиссия мүшелері: Шынарбеков Жайсанбек Уалиханович, Абдирасулов Уразбек Амантаевич, Оразалиева Акмарал Шариповна, Нурпейсова Перизат Шымыртаевна.

Таңдаулы материалдар

Close