Basty bet

Береке бастауы – бірлік

Бабамыз Білге қаған «Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ» десе, текті Күлтегін «Тату елге – тыныштық пен тоқшылық нәсіп» деп әу бастан тасқа қашап, санаға бедерлеген. Себебі, адамзаттың даму тарихында бірліктің бағасы жоғары. Міне, осы жоғары бағаланатын ел бірлігінің мерекесі биылғы жылы жылдағы дәстүрмен, яғни салтанатты түрде аталып өтілмеді. Себебі, мемлекет үшін ең басты байлық адам болғандықтан оның амандығы мен денінің саулығы үшін сақтық шаралары қолға алынып, төтенше жағдай енгізілгені баршамызға белгілі.

Міне, биыл мерекені қашықтықтан өз-өзімізді оқшаулау арқылы атап өттік. Аудан орталығындағы сәні мен салтанаты келіскен шаралар өзгеше форматта, яғни онлайн түрінде ұйымдастырылды.
Мәселен, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет ошақтары қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Береке бастауы – бірлік, Ел іші тату – тірлік», «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні», «Ынтымағы жарасқан Қазақстан» тақырыптарында өзге ұлт өкілдерінің жылы лебіздері білдірілген бейнероликтер түсіріліп, әлеуметтік желідегі парақшаларда жарияланды. Сонымен қатар, мерекеге орай аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары Ришад Алшынбекұлы, Бақытжан Әбделиев, Мадина Свамбаева, Мәлік Мықтыбеков патриоттық әндер шырқап, онлайн концерт өткізді.
***
Ал, «Жастар ресуртық орталығының» ұйымдастыруымен Бірлік күніне орай аудандағы этномәдени бірлестік мүшелерінің ұлттық тағамдарын дайындау барысы онлайн түрде таныстырылып, өзге ұлт өкілдерінің мерекелік құттықтаулары көпшілікке тарту етілді.
***
Сондай-ақ, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде мерекеге орай онлайн оқулар өтті. Аудандық орталық кітапханасында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» онлайн бейнетүсірілім түсірілді. Шарада Сұрым ауылдық модельді кітапханасының тұрақты оқырманы А.Новикова «Ұлы достық» өлеңін, Ертай ауылдық кітапханасының оқырманы Ұ.Исабек, Ж.Маштакова «Бірлік күні» өлеңін, Күреңбел ауылдық кітапханасының оқырманы І.Еркебай, Қ.Ахмет «Ұлы Достық» өлеңін оқыды. Қарасаз ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы К.Ахмедова, «Достық» өлеңін, Ақтөбе ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы З.Нартаева М.Мақатаев «Үш бақытым» өлеңін, Шақпақата ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Г.Абдигаппарова, Ж.Маштакова «Бірлік күні» өлеңін оқып, белсенділік танытты. Сондай-ақ, Нұрлыкент ауылдық кітапханасының «Береке бастауы – бірлік, ел іші – тату тірлік» атты эстафетасы әлеуметтік желіге салынды.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде орталық кітапханадан бастап Күреңбел, Қосбөлтек, Сұрым, Ертай, Көлбастау, Ақтөбе тағы басқа ауылдық кітапханаларында «Ынтымақ – достық кепілі, елдің көркі» онлайн виртуальды кітап көрмесі, «Бірлік – біздің қасиетті туымыз!» библиопост, «Қазақстан – татулық пен бірліктің мекені» онлайн этнографиялық сағат, «Бірлік тойы – гүл мамыр» онлайн ізгілік сағаты, «Ел – бірлігі – ең асыл қасиет» және «Ынтымақ – достық кепілі» атты онлайн оқулар өтті.
***
Мерекеге орай аудан әкімдігі білім бөліміне қарасты барлық білім ошақтарында 1-11 сынып аралығында «Бірлік пен келісім» тақырыбында онлайн сабақтар өтті.

Таңдаулы материалдар

Close